Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Аттестаттау мақалалары


Листериоз ауруы туралы не білген жөн?

 

Листериоз - жұқпалы аурулардың біріне жатады. Бұл кеселді патогенді  листерий қоздырғыштары тудырады. Баспа (ангина), пиелонефрит, сепсис, менингит, энцефалит, ішкі мүшелердің зақымдануы, жатырішілік, қынап қабынулары, түсік (аборт), өлі бала босану және жаңа туған нәрестенің ерте шетінуімен көрініс береді. Қоздырғыштың негізгі көздері: ауырған жан-жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, мысық), құстар (тауық, қаз, үйрек), кеміргіштер (үй тышқандары), кене, бүргелер болып табылады.

Ауру маусымдық сипатта білінеді. Көбіне қыс –көктем мезгілдерінде қоздырғыштардың белсенділігінің артуымен және организм қорғанышының төмендеуімен байланысты келеді.

Дерт қоздырғышымен залалданған тағамдарды (көкөніс, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері) асқа пайдаланғанда , сонымен қатар ауру малдар мен құстарды күтіп бағуда гигиеналық талаптарды сақтамаған жағдайда ауруды жұқтыру мүмкіндігі жоғары.

Нәрестеге кесел анасынан жатырішілік немесе босану уақытында босану жолдары арқылы, сондай-ақ залалданған ана сүтімен жұғады.

Мал өнімдерін дайындауда дезинфекциялық талап сақталмағанда, ережеге  сай өңделмеген жағдайда, ауру малдар мен кеміргіштердің бөліністерімен ластанған ауадағы шаң-тозаң арқылы жұғу қаупі зор.

Аурудың алғашқы белгілер: дене қызуының артуы, қалтырау, құсу, бұлшық-ет, сүйек-буындардың үздіксіз сырқырауы. Іріңді-некрозды жаралар, бауыр мен талақтың ұлғаюы білінеді. Әрі қарай дерт талақтың қабынуына, өкпе, бауыр қабынуына ұласады.

Аурудың алдын-алу үшін мал шаруашылығында ет және сүт өнімдерін дайындауда гигиеналық талаптар орындалуы қажет.

Біздің мекемеде 2015 жылы кеміргіштер арасынан 8 листерий қоздырғышы анықталды. Ал 2016 жылы 2 қоздырғыш табылды.

                      

Сали Нагиевна АККОЗАЕВА,

                                                Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясының

                                                 лаборант-бактериологы,

Арал ауданы,

Қызылорда облысы

 

Сурет Зооклуб сайтынан алынды

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (11.04.2016)
Просмотров: 1023 | Теги: аккозаева, Сали, листериоз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]