Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты

Аттестаттау мақалалары

Главная » Статьи » дәрігер мақалалары

Лабораториялық жағдайда микроорганизмдерді дақылдандыру

Микробтарды жасанды жағдайда өсіріп-өндіру үшін микробиологиялық зерттеу барысында жасанды қоректік орта – қоректік құрам дайындалады. Қоректік құрам зерттелетін материалды алғашқы рет егуге, микроорганизмнің дақылдану қасиетін анықтауға, таза дақылын бөліп алуға, биохимиялық қасиетін ажыратуға негізделген.

Қоректік құрамдарды алу көзіне қарай:

1. Табиғи қоректік құрам – қант, сүт, қан, сары су, картоп және т.б.

2. Жасанды қоректік құрам – химиялық синтез арқылы жасалған құрғақ ұнтақ ретінде медицина өнеркәсібінің шығаратын құрамдары.

3. Құрамның тығыздығына байланысты олар: тығыз, қоймалжың, сұйық болып бөлінеді. Қою құрамға 1-2% агар-агар қосады, сонда құрам тығыз болады. Қою құрамдарға ет-пептонды агар (ЕПА), Левин, Эндо, висмут-сульфитті агар, қанды агар, Чистович агары және т.б.құрамдар жатады. Қоймалжың құрамда агар-агардың мөлшері 0,3% болады. Қоймалжың құрамдарына көмірсулар қосылған Гисса құрамдары жатады.

4. Қоректік құрамға кіретін қосындыларына байланысты құрамның: қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайым құрамдарға ЕПА, ет-пептон сорпасы – ЕПС, пептон суы жатады. Күрделі құрамдарға: қан, сарсу, қант, ақ уыз, тұздар, витаминдер және тағы басқа қосындылары бар құрамдар жатады.

5. Қоректік құрамдар тағайындалу ерекшелігіне байланысты: арнайы, элективтік, дифференциалды-диагностикалық, әмбебап (универсалды) болып бөлінеді.

Арнайы қоректік құрам микрооганизмнің арнайы ерекше қасиетін анықтауға бағытталған құрам. Мысалы: Чистович агарында микробтың лецитиназдық белсенділігін бақылауға болады.

Элективтік қоректік құрамдар белгілі микробқа қолайлы жағдай туғызатын құрам. Мысалы: Эндо құрамы энтеробактерия тұқымының өкілдеріне негізделген.

Дифференциалды-диагностикалық құрамдар патогенді микроорганизмнің түрін айыруға мүмкіндік береді. Мысалы: микроорганизмнің ерекшелігін Гисса құрамдарында анықталатын биохимиялық белсенділігі арқылы айыруға болады. Универсалды қоректік құрам көптеген микроорганизмдерге жарамды. Мысалы: ЕПА құрамы, сарысулы агар, қанды агар.

6. Консервілейтін құрам микроб өнімін сақтауға немесе тасымалдауға арналған. Мысалы глицеринді құрам.

Қоректік құрамға қойылатын талаптар:

1) Құрам қоректі, құнарлы болуы тиіс, яғни жасушаның тіршілігіне қажетті барлық зат болуы керек (ақ уыз, майлар, көмірсулар, витаминдер, тұздар, аминқышқылдар және т.б.).

2) Құрамда сутегінің  иондары тұрақты бекітілген түрде болуы керек. Оны рН арқылы анықтауға болады.

3) Құрамның осмостық қысымы жасуша ішіндегі осмостық қысымға тең болуы қажет.

4) Құрамның залалсыз болуы тиіс, себебі бөтен микробтар зерттелетін материалдағы микроорганизмді анықтауға кедергі жасайды.

5) Қоректік құрамға кіретін қосындылардың тұрақты болуы қажет.

6) Қоректі құрамның ылғалды болғаны жөн, өйткені микробтар диффузия  және осмостық қысым арқылы қоректенеді.

 

Айгуль Абдибековна БАЙМУРЗАЕВА,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана,

дәрігер-бактериолог

Сурет Vitaline Stomatological Clinic сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (31.08.2017)
Просмотров: 71 | Теги: баклаборатория, баймурзаева, Айгуль, микроорганизмдерді дақылдандыру | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.