Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты

Аттестаттау мақалалары

Главная » Статьи » дәрігер мақалалары

Кандидоздың микробиологиялық диагностикасы

Candida туыстастығының саңырауқұлағы түрлі формада тіршілік ете алады: зеңді және  мицелярлы. Бұл кандиданың ауыспалы қоршаған орта әсеріне тіршілігін қамтамасыз етеді. Зеңді (бластоспора) фазасында олар симптомсыз ауруларда кездеседі. Ауру ағымында өзіне тән симптомдар пайда болғанда саңырауқұлақ жасушасы мицелярлы формаға өтеді.

Candida туыстастығы саңырауқұлағын дақылдандыру үшін тығыз және сұйық Сабуро қоректі орталары, Никерсон агары, Чапек агары және сорпасы қолданылады. Candida туыстастығының саңырауқұлағы 1-5 тәулік аралығында көмірсу (глюкоза) қосылған  тығыз агарда жылдам және жақсы өседі. Саңырауқұлақтарды қолайлы өсіріп шығару үшін төмендегідей шарттарды сақтауымыз керек:

1. Оптимальды рН 6,0-6,5;

2. Дақылдандыру температурасы 30-37С., 48 тәулік бойына.

Сабуро және Чапек тығыз қоректі орталарында С.albicans туыстастығының саңырауқұлақтары беті тегіс, дөңестелген, кремді-ақ түсті, жұмсақ консистенциялы колониялар түзеді; кейбір штаммдары ғана құрғақ, қыржымдалған, агардың ішіне қарай өсіп кетеді.

С.tropicalis тығыз қоректі ортада ақ  немесе сұр түсті, құрғақ, ортасы көтеріңкі, қиқымды консистенциялы. C.krusei колониялары тегіс, құрғақ, сұр-күңгірт түсті.  C.pseudotuberculosis колониялары тегіс, ортасы күмбезделген, сұр түсті, қаймақ тәрізді консистенциялы. С.guilliermondii колониялары тегіс, жылтыр, ақ-кремді түсті, жасына қарай қызарады. C.parapsilosis колониялары ылғалды, жылтыр, ақ-крем түсті, жасына қарай қыржымдалады.

Дақылды Грамша бояп микроскопта зерттегенде, саңырауқұлақ жасушаларын көруге болады: біржасушалы микроорганизмдер – дөңгелек немесе сопақша - С.albicans, сопақша болып келген - C.krusei, ұсақ -  C.pseudotuberculosis. Никерсон висмут-сульфит агары арқылы Candida туыстастығының түрішілік идентификациясын жүргізеді.

Сұйық қоректі орталарда - С.albicans ұлпалы тұнба түзеді, қоректі орта лайланады. С.tropicalis сұйық қоректі ортада тұнба және сақина түзеді, орта лайланады, бетінде нәзік сұр қабықша түзіледі, орта лайланады. C.krusei пробирка қабырғасына өтетін үлкен сақина түзеді, қоректі орта лайланады. C.pseudotuberculosis тұнба түзеді, орта мөлдір болып қалады. С.guilliermondii тұнба түзіп, әлсіз қабырғалы сақина түзеді.

Кандида саңырауқұлағының қынап шырышты қабығының 1 мл мөлшерінен 300 колониядан аспай бөлінуі, кандида тасымалдаушылығы ретінде қаралады. Бірінші рет еккенде саңырауқұлақ жасушасының көп мөлшерде бөлінуі (кілегей қабықтан – 100ден 1000 жасушаға дейін 1 мл сүртіндіден, қақырықтан 500 жасушадан көп, нәжісте – 300 жасуша, несепте – 1000 жасуша, өттен 1 мл-ден 300 жасуша) кандидоздың белгісі ретінде қарастырылады. Егер биоматериалды қайта еккенде саңырауқұлақ мөлшері едәуір көбейген болса (саңырауқұлаққа қарсы терапия алмай тұрып) қойылған диагноз нақтыланады. Бөліп алынған саңырауқұлақтың ашытқы саңырауқұлағының Candida туыстастығына жататыны және түрі анықталады. Филаментация типі мен хламидиоспораны анықтау үшін Елинованың күріш агары қолданылады. Одан басқа хламидиоспор-агарында, күріш агарында жабынды әйнек бетінде жақсы анықталады.

Candida туыстастығының негізгі маңызды сипаттау белгілеріне олардың биохимиялық белсенділігі жатады. Ең жиі кездесетін ашытқы саңырауқұлағының түрі ретінде - С.albicans биохимиялық белсенділігі келесі критерийлер бойынша жүреді: глюкоза, галактоза, сахароза, мальтозаны ферментациялап, өзгеруіне ықпал етеді.

 

Айгуль Абдибековна БАЙМУРЗАЕВА,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,

бактериологиялық зертхана,

дәрігер-бактериолог

 

Сурет Econet сайтынан алынды

 

 

Категория: дәрігер мақалалары | Добавил: психолог (31.08.2017)
Просмотров: 60 | Теги: баймурзаева, Айгуль, микробиологиялық  диагностика, Кандидоз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.