Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:10
ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒА!

Сандар сөйлейді

Облыста 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында «Өзіңді туберкулезден қорға» атты салааралық бағытта іс-шаралар өтті.

Соңғы 10 жылда аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақты және туберкулезден сырқаттанушылық пен өлімді төмендету үрдісі байқалады. Туберкулездің белсенді формасы бойынша 1096 адам тіркеуде болса, оның ішінде 240 адам туберкулезге қарсы диспансерлерде тіркелген. Облыста 2017 жылы туберкулез микробактериясын бөлмейтін 462 науқастың 152-сі немесе 32,9 пайызы емін амбулаториялық жағдайда бастады. Әрбір науқасқа әлеуметтік қаржылай көмек берілуде. Сонымен қатар туберкулезді ерте анықтау мақсатында диагностикалық стандартқа сәйкес заманауи әдістер қолданылуда. Осыған орай туберкулезге қарсы диспансердің зертханасында туберкулезді және көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулезді тез анықтау бойынша алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар енгізілді. Бұл әдістер: БАКТЕК қондырғысы, Хайн-тест, Джейн-эксперт әдістері арқылы іске асырылуда. Туберкулез көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 100,000 тұрғынға шаққанда 64,9-дан 59,2 пайызға төмендеді. Бұл туралы туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Әбдіғабид Әбіләзім мәлімдеді.

– Туберкулез бактерия бөліп шығаратын туберкулезге шалдыққан науқастан ауа арқылы беріледі. Туберкулезге шалдыққан науқастардың 40 пайызы бактерия бөліп шығаратын және жұқпалы ауруы бар адам деп саналады. Туберкулез науқас адамдардың 10 пайызында ғана дамиды, ал туберкулезге шалдыққан адамдардың 90 пайызы имменунитеті күшті болса туберкулезбен ауырмайды. Дер кезінде анықталып, ем шаралары қабылданатын болса, туберкулезден толықтай айтуға болады,-деді диспансердің бас дәрігері.

Бір ай ішінде медицина қызметкерлері іс-шаралар, семинар, тренингтер және денсаулық сабақтарын өткізді. Олар туберкулездің алдын алу және емдеу туралы облыс тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сандуғаш ӘБІЛҚАСЫМ

https://aqmeshit-zhastary.kz/zanalyk/1999-zd-tuberkulezden-ora.html

Просмотров: 111 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]