Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Желтоқсан » 28 » Жылжымалы қондырғымен толықты
14:14
Жылжымалы қондырғымен толықты


Биылғы жыл ауданымыз үшін жаңалықтарға толы жыл болды десек, артық айтқандық емес. Атап айтқанда, денсаулық саласы үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Жаңа аурухана іргетасы қаланып, материалдық-техникалық базасы да нығаюда.
Соның бір дәлелі – осы жұмыс аптасының соңғы күнінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ дәрігерлеріне 29 санитарлық автокөліктің кілтін табыстаған болатын. Салтанатты шарада «Біз халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетудің барлық талаптарын басшылыққа алып отырмыз. Мәселен, жаңа туылған нәрестелер үшін жасанды тыныс алдыру аппараттарын аудандарға, «Ана мен бала» орталығына алдырдық. Барлық аудандар жүрек қан тамырлары ауруларын ерте анықтайтын кардиостандарттар, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін эндовидеостойкалармен қамтамасыз етілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында Сыр өңірінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 400 орындық емхана пайдалануға берілсе, жаңа жыл мерекесіне тарту ретінде денсаулық сақтау мекемелері үшін жылжымалы флюроқондырғылар мен ыңғайлы автокөліктер сатып алынды», – деді аймақ басшысы.
Осы салтанатты шарада ауданымызға жаңа жылжымалы флюроқондырғы берілді. Бұл отандық өндірушілердің өнімі. Ақтөбе облысынан жеткізілген жылжымалы аппараттың құны шамамен 43 млн. теңгенің жобасын құрап отыр. Дәрігер-маманның айтуына қарағанда ол тексерілудің сапасын арттыруға мүмкіндік беріп, бүгінгі күн талаптарына толық сәйкес келеді екен. Сондықтан, жаңа рентген құрылғысы науқастарға нақты диагноз қоюға көмегін тигізбек. Тіпті, дәрігерлерге қауіпсіздік жағы да қарастырылған.

https://osken-onir.kz/zhanalyk/607-zhylzhymaly-ondyrymen-tolyty.html

Просмотров: 27 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.