Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:45
«ЖЫЛ ПАТРИОТЫ» НОМИНАЦИЯСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ


Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астанада өткен «Туған жер! Туған тіл! Туған ел!» патриоттар форумында Арал ауданына қарасты Қосаман ауылдық округіндегі медициналық бекеттің фельдшері Жанар Сержанова «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталды.

Форумның негізгі мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру барысында ел патриоттарының басын қосу.

Елбасы аталған мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. «Туған жер» бағдарламасы жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады», - деген болатын.

Форумға еліміздің нағыз патриоттары жиналды. Олар: дәрігерлер, құрылысшылар, әскери адамдар, өрт сөндірушілер, мұғалімдер, спортшылар, мәдениет қайраткерлері, жастар көшбасшылары, қоғамдық ұйымдар мен бизнес саласаның өкілдері мұнымен қос шет елдердегі қандастарымыз да қатысты.

Қосаман ауылдық округіндегі медициналық бекеттің фельдшері Жанар Сержанова кәсіби шеберлігінің арқасында талай ана мен баланың өмірін сақтап қалған кәсіби біліктілігі жоғары маман.

 

https://syr-media.kz/news/1209-zhyl-patrioty-nominaciyasymen-marapattaldy.html

Просмотров: 157 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]