Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:34
ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС


 Аудан орталығындағы «Ақкербез» тіс емханасына келушілер күн сайын толас-тамайды. Олардыңарасында арбаға таңылған мүгедектер де,  зейнет жасындағы қариялар да, үлкен де, кіші декездеседі. Біріне ауырған тісті емдету керек болса, екіншісі тіс салдырмақшы. Бәрі де«Ақкербездің» жоғары санаттағы дәрігер—стоматологтарының қызметін пайдалануға ынтық.Себебі мұндағы емдеу ісі мен салынған тіс өте сапалы, әдемі әрі арзанға түседі. Содан да шығар,бұл жерде сағаттап кезек күтсе де қабақ шытқан ешкімді көрмейсіз.
Осыдан тура жиырма жыл бұрын аудандық тіс емханасының жеке¬шелендірілуіне байланысты «Ақкербез» жауапкершілігі шектеулі серік¬тестігі құрылды. Серіктестік директоры қызметіне кіріскен жоғары санатты дәрігер-стоматолог Сұлтанай Сағымбаев, емхананың материалдық-техникалық базасын заман талабына сәйкес жабдықтау жолдарын іздестірді.
Ашылған күннен бастап емхана дәрігерлері де көпшіліктің көңілін таба білді. Тісі ауырғандар сол кездің өзінде Сұлтанайдың ұжымын алыс-жақыннан арнайы іздеп келетін. Ақ халаттылар шипасына бөленгендер біріне-бірі мақтап жеткізеді. Нағыз жарнама сол. Әлі күнге дейін солай.
Халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында тіс емханасына бүгінге дейін оннан аса шетелдік турбиналы стамотологиялық қондырғылар сатып әкелінді. Тіс қақтарын, тастарын кіреукеге зиянын тигізбей тазалайтын, түбір өзектерін ультрадыбыс¬пен кеңейтетін және жасанды тіс сауыттарын кеспей алатын «Suprazon» скаллері, ауыз қуысын бейне камерамен көрсете отырып, ақыл-кеңес беретін аппаратпен жабдықталды.
 
Соңғы жылдары тіс тұқылдарын алтын жалатқан «Анкер» штивтермен қалпына келтіру (реставрация) оң нәтижелерін беруде. Пломбалық материалдардың соңғы шыққан сәулемен, химиялық жолмен қатаятын түрлері кең қолданылуда.
Тіс жұлу кезінде Германияның, Ресейдің жаңа жансыздандыру дәрілері пайдаланылуда. Карпульды шприцтердің соңғы шыққан түрі «Ergoject» терапияда, хирургияда, ортопедияда күнделікті қолданыста. Емделушінің жұлынатын тісін ғана жансыздандыратын (интралигаментарлы анестезия) тін аралық жансыздандыру «Ergoject» шприцімен жүзеге асады.
Тістерді жартылай немесе толық жоғалтқанда ауыз қуысының қызметін қалпына келтіруде жасанды тіс сауыттары мен жасанды тіс протездерінің маңызы зор. Осыған сәйкес емханада жасанды тіс протездерінің соңғы технологиямен дайындалатын түрлері енгізілуде. Атап айтар болсақ, украиналық «Валлопласт», «Акрил» пластмассалары, «Evoclar», фарфор жасанды тістері металло-керамика, керамикалық жасанды сауыттары және бюгельді тіс протездері.
Залалсыздандыру мақсатында «Panmed» аппараты, майда инструменттерді бір мезеттік пайдаланылуға арналған қаптамаларды дәнекерлеу аппараты, бумен залалсыздандыратын «ГК-10» аппараты, жоғары температурада залалсыздандыратын стерилизациялық шкаф «Boiling» жұмыс жасауда. Бір сәттік қолданылатын стоматологиялық жиынтық емделушінің қажеттілігіне қарай қолданылады.
2013 жылы панорамдық рентген аппараты «Planmeca» орналастырылып, тіс ауруларын анықтауда тиімді қызмет атқаруда.

Дәрігерлер жыл сайын білім жетілдіру курс¬тарына, республикалық стоматологтар конференцияларына қатысып, кәсіптік деңгейлерін көтеріп, І, ІІ санатты дәрігерлер қатарын толықтыруда. Қазіргі таңда тіс емханасында бір І санатты дәрігер, бір ІІ санатты дәрігер, кәсіптік деңгейіне сәйкестік сертификатымен 2 дәрігер жұмыс істейді. Олар өз іс-тәжірибелерін толықтыру үшін түрлі ғылыми-танымдық, медициналық газет-журналдар мен кітаптарды жиі оқып, жаңадан шыққан дәрі-дәрмектерді, медициналық материалдарды пайдаланады. Сондай-ақ, жақсы үрдістің нәтижесі болар, бүгінде Еліміздің жоғары және орта оқу орындарында білім алған жас мамандар Тұрар Сұлтанаев, Ақылжан Қалымбетов, Бахыт Жаниев аз уақыттың ішінде емделушілердің сеніміне ие болып, алғыс арқалап жүр.
Сұлтанай Сағымбаевтың ұлы Тұрар әке жолын қуып, білікті маман ретінде қалыптасып келеді. Өйткені емханада басқаға бармай, арнайы соның қабылдауын күтіп отырған адамдардарды жиі жолықтырамыз.
Қазіргі таңда ауданымызда бірнеше тіс емханалары ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады. Сол жеке емханаларда бұрын «Ақкербезде» жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған дәрігерлер еңбек етеді. Бұл дегеніміз жоғары санатты дәрігер-стоматолог Сұлтанай Сағымбаев басшылық ететін емхананың өңіріміздегі тіс мамандарын даярлайтын ұстаханаға айналғандығының белгісі.
Бұл күндері «Ақкербез» ЖШС-нің басшысы Сұлтанай Сағымбаев алғашқы ел-жұртының шынайы құрметіне бөленген жан. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің «Алғыс хатымен», Қазақстан Республикасы стоматологтар ассоциациясының «Құрмет грамотасымен», Денсаулық сақтау министрі мен облыс әкімінің «Алғысымен» марапатталып, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне, «Дәрігер абыройы – 2011» бағамына, Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне «Еңбегі сіңірген дәрігер-стоматолог» төсбелгісіне ие болған.
Еңбектің бұлай бағалануы оның және әріптестерінің көпшілік алдындағы жауапкершілігін бұрынғыдан да арттыра түсері сөзсіз.
 

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ

http://qazaly.kz/zhiyrma-zhyldy-beles/

Просмотров: 840 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]