Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:20
ЖЕТIЛДIРЕ ТҮСУ ҚАЖЕТ

Дайындаған Мақпал МАРҚАБАЙ

МҰНЫ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БIРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АЙТТЫ. ЕЛБАСЫ ЕНГIЗIЛIП ЖАТҚАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСIНIҢ ТОЛЫҚ ЖЕТIЛМЕГЕНIН СӨЗ ЕТІП, 3 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ӨЗIН-ӨЗI ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАР САНАТЫНА КIМДЕРДIҢ ЖАТАТЫНЫН АНЫҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ.

«Бүкiл әлемде сақтандыру жүйесi жақсы дамыған. Бiздiң елде де сақтандыру саласын дамытып, сақтандыру қызметтерiнiң қолжетiмдiлiк деңгейiн арттыру қажет. Мен бұл жерде медициналық сақтандыру жайлы айта кеткiм келедi. Бұл прогрессивтi бағыт. Дегенмен, ЕЫДҰ ұйымына мүше елдердiң ішінде алтауы ғана сақтандыруды енгiзген. Ал Грузия сақтандырумен 5 жыл жұмыс iстеп, бұрынғы жүйесiне қайта оралған. Ал бiзде бұл «100 қадамда» жазылған. Бiз кейбiр жайттарды қарастыруымыз керек. Менiң бiлуiмше, қазiр жар- налар түсiп жатыр. Дегенмен, бұл жүйенi қарастырсақ, бiратар сұрақ туындайды. Бiзде 2,7 млн адам өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар болып саналады. Мен халықты әлеуметтiк қорғау саласын басқарған барлық министрлерден «бұл не? әлемнiң қай жерiнде «өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар» деген сөз бар?» деп ылғи сұраймын. «Өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар» деген салық төлемеудiң тiкелей жолы. Мен Үкiметке өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар кiм екенiн анықтауды тапсырған бо- латынмын. Бiзде өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар қандай болу керек, айтыңыздаршы. Олар, яғни 3 млн-ға жуық азамат медициналық сақтандырумен қамтылмай қалайын деп тұр. Сонда бiз басқаларға бұрынғыша емделе бер, ал оларға төле деуiмiз керек. Көшсек көшейiк, бiрақ қателеспейiк. Мәселенi толық қарастырғаннан кейiн бiрлескен шешiм қабылдаймыз», – дедi Елбасы премьер-министр мен Денсаулық сақтау министрiне. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асы- руды, салық саясатын, жекеменшiк банктердiң жұмысын жетiлдiрудi, дәрi-дәрмек бағасын реттеудi тапсырды. Елбасы өз сөзiнде қазақстандықтарға заң жобалары жан-жақты түсiндiрiлу керектiгiн де қадап айтты. «Кейде бiзде түсiндiру жұмыстары дұрыс жүргiзiлмейдi. Бiз халыққа түсiнiксiз ұғымдармен және терминдермен айтып, адамның түсiнiктi тiлiмен жеткiзбеймiз. Бұл жұмысқа билiктiң барлық тармақтары атсалысуы керек», – дедi Назарбаев. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру жүйесіне мемлекет пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қосылады. Мемлекет жеңілдігі бар 14 санаттағы 10 млн. азамат үшін жарна төлейді. Атап айтқанда, жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер, зей- неткерлер, көп балалы аналар, мүгедектер, ҰОС ардагерлері, студенттер, 18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер мен 3 жасқа толмаған бала күтімімен үйде отырған тұлғалар т.б. үшін ел бюджетінен ай сайын 5029 теңге төленеді. Сондай-ақ, келер жылы жарна төлейтін топтың бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар міндетті сақтандыру жүйесіне ай сайын төменгі айлық жалақының 5 пайызын немесе 1414 теңге төлеуі тиіс. Жұмыскерлер жарнаны 2019 жылдың бірінші қаңтарынан ба- стап аударады. Жарна мөлшері: 2019 жылы – жалақының 1 пайызын, 2020 жылы – 2 пайызын құрамақ. Жалпы, міндетті сақтандыру шеңберінде медициналық көмек 2018 жылдан бастап көрсетіле бастайды.

«Жаңақорған тынысы»

Просмотров: 569 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]