Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қыркүйек » 14 » ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КЕЛДІ ӘРЕҢ
16:46
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КЕЛДІ ӘРЕҢ

Мен Әйтеке би кенті, Қобыланды батыр көшесі №10 үйдің тұрғынымын. Басымнан өткен мына жайттан соң еріксіз қолыма қалам алып, болған оқиғаны оқырманмен­ бөлісуді жөн санадым. Әдетте дәрігерлер қауымын «адам жанының арашашысы» деп құрмет тұтамыз. Олай болуы­ орынды да. Өйткені ауырып-сырқай қалсақ, Жаратушыдан соң дәрігерлер қауымына үміт артамыз, өмірімізді қолдарына сеніп тапсырамыз. Десе де, кейде жұртшылық арасында ақ халаттылардың қызметіне өкпе-реніш те айтылатыны жалған емес. Осындай оқиға жуырда өз басымнан да өтті.
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні қатты ауырып, сағат 11:41-де жедел жәрдем шақырттым­. Маған облыстық жедел жәрдем шақырудың қабылдан­ғанын, қай бөлімшеге қарасаң, сол жерге, яғни «Жетес би» ауылдық емханасына тапсырыс беретінін айтып, тапсыр­ыстың берілгені туралы хабарлады. Мен қазір келеті­н шығар деп күттім. Түскі сағат 13-тен 20 минут кеткенде облысқа қайта шығып, жедел жәрдемнің келмегенін айттым. Олар шақыруды қабылдағанын, көліктің шығып кеткенін жеткізді. Арада тағы 1 сағат өтті. Болмаған соң 14-тен 20 минут кеткенде тағы хабарластым. Ауруға шыдай алмай жатқанымды жеткіздім. Олар тағы сол «қабылдады, қазір барады» деген жауапты қайталады. Жедел жәрдем әлі жоқ. Сағат 14-тен 40 минут кеткен­де, облысқа қайта шығып, жедел жәрдемнің келмегенін айтып, «өле беру қажет пе?» деп ашуландым. Сонан соң сағат 15:10-да (шақырудан үш сағаттан артық уақыт өте) жедел жәрдем келіп, көмек көрсетіп кетті. Ал, өзімнің тұрған «Жетес би» емханасының жедел жәрдемінен еш хабар жоқ. Тек кешкі сағат 17:20-да ғана (арада бес сағат өте) есік алдына «Жетес биден» келген жедел жәрдем көлігі тоқтап, сыртта жүрген кішкене қыздан басқа жедел жәрдем келгенін естігеннен кейін кетіп қалыпты. Мұнан соң  қайта ауырғаннан кейін аймақтық дәрігерімді іздедім. Олардың маған қандай ем алуым керек екендігі жөнінде кеңес алуға келуін байланыс телефонына шығып шақырдым. Олар болса (есімі Айжан, фамилиясын білмеймін) аймақтық дәрігердің демалыста екенін, оның орнында ешкімнің жоқтығын айтты. Сонда учаскелік дәрігер демалыста болса, адамның ол келгенше өле беруі қажет пе? Менің бір күнім соларға қайта-қайта хабарласып, шақыру­мен, яғни күтумен өтті. Кешкі сағат 18:10-да жұмыстағы қыздарға шығып, емханаға хабарласуын, медбикенің келуін­ өтіндім. Олар айтса, маған «Жетес биден» жедел жәрдеммен барған қыз менің байланыс телефоныма шығып­, «Мен бардым. Өзіме дейін алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, сырттан кетіп қалдым, мен де алғашқы көмек көрсетсем болды» дейді. «Неге кешке келесің, сағат­ 12:00-де берілген шақыру емес пе?» десем, «мен сағат 14:00-де шақыруларды алып, шығып кеттім» дейді. «Сонда түскі 12-ден 14-00-ге дейін не істедіңдер, түскі астарыңды ішіп, сосын барып шықтыңдар ма?» десем, үндемейді. Мені «шақыруларды алып кетті, күтіңіз» деп кешке дейін жас балаша алдағаны несі? Түсінбедім.
Ертеңіне, яғни 7 қыркүйек күні «Жетес би» емханасына сүйретіліп өзім бардым. Бас дәрігер Ф.Мұстафаеваға кіріп, мән-жайды айттым. Ол болса мейіркеш Айжанғ­а «түсінік жаз» деп, менен кешірім өтінді. Алайда менің көңілімде «Жетес би» емханасында тәртіп жоқ па, әлде жұмыстарына деген жауапкершіліктері жоқ па? Біз өмірімізді ақ халатты абзал жандар деп оларға тапсырамыз. Ал, олар адам өміріне немқұрайлы қарағаны несі?» деген сұрақ қалды.
Жақында күйеуімнің қан қысымы көтеріліп, түнде жедел жәрдем шақырдық. Олар кетерінде «бізге шақыру түскеннен кейін «Жетес би» емханасына да түседі, учаскелік дәрігерің хабарласады» деген болатын. Ешқандай хабар да болмады. Сонда осылай кете бере ме? «Судың да сұрауы бар» деген. Ал біз адамбыз ғой. Менің ойымда «Жетес би» ауылдық емханасының жедел жәрдемі шақыруға неге соншама кеш келді? Аурумен арпалыс­қан, өзінен үміт күткен науқасқа уақытылы келмеген жедел жәрдемді не деп атауға болады? Жазатайым жағдай­ болса, не істейміз?» деген қорқыныш тұрды. Бұл туралы Қазалы аудандық ауруханасының бас дәрігері К.Әбіловке­ де білдірдім. «Қоғамның басты байлығы – адам» деп бекер­ге айтылмаса керек.

Мереке  ТАБЫНБАЕВА,

Қазалы  ауданы

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=7900:2017-09-14-05-36-28&catid=6:2011-11-18-09-03-06&Itemid=6

Просмотров: 26 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.