Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:51
Жауынгер әжейді құттықтады

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғыс ардагері Любовь Колесникті 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бірінші орынбасары полковник М.Сүлеев: «Сіздердің ел үшін атқарған еңбектеріңізді ұмытпаймыз. Әрқашанда қадірлеп, бейбіт заманның ұрпақтары болғанымызға қуанамыз», - деген лебізін білдірді.

Қазіргі таңда Сыр елінде көзі тірі 54 ардагербар. Арамызда жалғыз жүрген әйел Любовь Сергеевна. Қарт жауынгер 19 жасында әскер қатарына алынып, сұрапыл соғыс жылдары Беларусь, Польша жерінде әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсеткен. Любовь ханым тамыз айында 92 жасқа келеді.

http://syrboyi.kz/zedelnews/10222-zhauynger-zheyd-ttytady.html

Просмотров: 776 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]