Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:28
Жас дәрігер алапес дертінің емін тапты


 
Алапес жазылмайтын дерт емес, ол жазылады. Оның емін жас қазақ дәрігері тапты. Асыл шөптерден дәрі жасап, науқастарды сол арқылы емдеп, ондаған адамды осы дерттен айықтырған дәрігердің есімі – Сұңқар Мұқаш.
Алапес ауруының (витилиго) емі жоқ деген байлам адамдар санасына әбден сіңген. Денедегі ала дақ жұқпалы ауру түріне жатпағанымен, осы ауруға шалдыққандардың көбі жұртшылық ортасында өздерін ыңғайсыз сезінеді. Жас дәрігер Сұңқар Мұқаш құрған «Достық» Тибет медициналық орталығы дәл осы алапес ауруына шалдыққандарды емдеп, талай адамды сауықтырған. Бұл аурудың емі бар дегенге сенбейтіндер көп дейді дәрігер. Өйткені, бүкіл әлемде бұл ауру жазылмайды деген түсінік бар. Тіпті, дамыған Еуропа елдерінің өзінде осындай ой берік орнаған.
Біз «Достық» Тибет медициналық орталығына арнайы барып, дәрігердің өзімен және емделушілермен сұхбаттасып қайтқан едік.
 


Жас дәрігер Сұңқар Мұқаш

Сұңқар қайдан білім алды?
Сұңқар Мұқаш Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келген. Шынжаң медицина университетін клиникалық медицина бойынша үздік бітірген ол Құлжа қаласындағы «Достық» емханасында тағылымдамадан өтіп, өзінің біліктілігін жетілдірген. Сондай-ақ, өз қызығушылығы бойынша космотологиялық безендіру, пластикалық операция жасауды үйренуге құлшынып, осы салада аты мәлім дәрігерлерден тұрақты түрде сабақ алады. Сұңқардың тері ауруларына ден қоя бастаған кезі де осы шақ.
«Пластикалық операция жасау, әсіресе қыздардың бет-пішінін безендіру заман үшін ең өтімді кәсіп екені шын. Әрі медицинаның бұл түрі әлемге жыл өткен сайын кең таралып келеді. Бағасы да қымбат. Еліміздегі (қазақстандағы) қыз-келіншектер пластикалық операция жасатуға бейім екенін байқадым. Осы жақта өз кәсібімді ашып, жұмыс бастағаныммен, операциялық орталық құрудың қиындығын түсіндім. Қағазбастылық басым әрі шарттары да көп. Лицензия алу қиынға соқты. Осы кезде елімізде түрлі тері аурулары көп екеніне көзім жетті. Қытайдағы ұстаздарым тері ауруының түр-түрін ажыратып, оны емдеудің жолдарын да үйреткен еді. Себебі, пластикалық операция жасау үшін адам терісіндегі әртүрлі ауруларды жіті зерттеп, оған операция жасауға болатынына көз жеткізу керек. Онсыз болмайды», – дейді Сұңқар Мұқаш.
 
 
Псориаз (сиыр теміреткі) дерті жазылады
Сиыр теміреткісін (псориаз) жазуға болады
Дәрігер тері ауруларын емдеудің озық тәсілдерін жете игеру үшін Қытайдағы ұстаздарына қайта барады. Өзінің сөзінше, Қытайдағы ізденіс кезінде тек ұстаздарының айтуы бойынша ғана білім алмай, Тибет медицинасының бұрынғы рецептерін, медициналық көне кітаптарды ақтарады. Ауруларды тек шөп дәрілері арқылы емдейтіндіктен, дәріні де емшінің өзі жасайтын кездері көп болады. Мысалы, теміреткінің түр-түрі бар. Кейбірі тез жазылады. Енді бірі адам денесіне бір шықса, өмір бойы жазылмайды. Сиыр теміреткісін (псориаз) емдеу үшін қандай дәрі жасау керектігі өте күрделі процесс.
«Псориаз – адам жанын қинайтын өзгеше ауру. Денеңізге бір шықса, өмір бойы жазылмауы мүмкін. Көп адамдар осы аурудың зардабын тартумен өтеді. Бұл науқасқа шалдыққан жандар теміреткінің денені дуылдата қышытқанына шыдамай, өздерін әлемдегі ең бақытсыз жан деп санауы мүмкін. Біз дәл осы аурудың да емін таптық. Әрине, бұл науқасты емдеп жазатындар кезігеді. Бірақ, біздің өз рецептіміз бар», – дейді маман.
 


Жәмила Асылбекқызы
Ол оқу кезінде қазақтың ежелгі емдік шөптері мен Тибеттің медициналық тәжірибесін ұштастыра білгенін жасырмайды. Қазір алапес, сиыр теміреткісі, сүйел, безеу, бөрткен, қышыма, есек жем, қысқасы, тері ауруларының түр-түрін емдеп, халықтың ықыласына бөленіп жүрген дәрігердің негізгі ақылшысы анасы – Жәмила Асылбекқызы. Ж. Асылбекқызы – Құлжа қаласындағы «Достық» атты орталық ауруханада ұзақ жыл еңбек еткен білікті дәрігер. 32 жылдық жұмыс өтілі бар кәсіби маман қызы Сұңқардың медицина саласында оқуын қалапты.
«Елге оралған соң осы орталықты құрдық. Менен бұрын анам келіп, шағын емдеу орталығын ашқан еді. Алты жыл болды. Мен анамның біліктілігін пайдаланып, орталықты тері ауруларын емдеуге бейімдей бастадым. Әрине, өзге де көптеген ауруларды емдей аламыз. Десе де, негізгі бағытымыз тері ауруларын емдеу».

 
Алапесті емдеуге мүмкіндік бар
 
Алапес… жазылады!
Жазылмайтын ауру жоқ деген рас екен. Емдеушісіне кезігу керек ол үшін. Сұңқар Мұқаштың айтуынша, оның табанды ізденісінің нәтижесінде алапес (витилиго) пен сиыр теміреткісі (псориаз) ауруына шалдыққан науқастардың талайы жазылған. Кейбірі шетелге барып, қыруар ақша шашып, емінен сауықпай оралыпты. Ақырында, «Достық» орталығына жолыққан.
«Кубаға барып емделіп, түк нәтиже шықпаған соң елге келген Аружан есімді 13 жасар қыз болды. Бізге келіп алапес дертінен толық айықты. Сондағы қуанышын көрсеңіз ғой… Ондай емделушілер көп. Бір қызығы, елге осы аурудан сауыққандарын айтудан қашады. Алапес болдым деген сөзден намыстанады».
Дәрігер осылай дейді. Біздің білгеніміз, алапес дерті тұқым қуалайды. Ол жұқпалы емес. Қышытпайды, ірің ақпайды. Бұл адам денесіндегі қара миланин деген дәруменнің кемдігінен болатын ауру. Ал оны емдеудің жолы сан қилы. Әр пациенттің жағдайына қарай емдік дәрілерді тағайындайды.
«Кейбір дәрілерді Қытайдан арнайы жасатамыз. Тек қана осы ауруларға қажетті дәрілер жасайтын орталықтарға барамыз. Енді кейбірін өзіміз жасаймыз. Оның құпиясы көп. Арнайы рецептіміз бар. Оны жасау үшін ұзақ жыл еңбек еттік. Әр науқастың өз жағдайына қарай дәрі жасауды да жетілдіруге тура келеді. Біз алапес пен сиыр теміреткісін толық жаза алатындығымызға сенгендіктен, енді ашық айта аламыз», – дейді дәрігер.
Осы ауруға шалдыққандарына ұзақ уақыт болғандарды емдеу қиынырақ. Әсіресе, жасы егде тартқандарды толықтай жазу үшін ұзақ уақыт керек әрі дәрігердің айтқан ережесін бұзбай, тұрақты емделу маңызды. Ал жастар бұл аурудан тез сауығады. Себебі, олар физиологиялық тұрғыдан жетілу үстінде болғандықтан, сауығулары да жеңіл.
«Кейбір науқастар бірер күннен соң ешқандай өзгеріс жоқ деп ойлайды. Бұл ауру кемі 1 жыл уақыт тұрақты ем қабылдауды қажет етеді”.
Дәрігер Сұңқар Мұқаштың пайымынша, алапес пен сиыр теміреткісі, одан өзге де түрлі тері аурулары экологияға, ішіп-жемнің сапасына, адам көңіл-күйінің тұрақты болмауына, ішкі психологиялық тепе-теңдіктің жоқтығына байланысты пайда болуы мүмкін. Бұл аурулардан тез сауығу үшін адамға сенім, ерік-жігер керек.
 


“Достық” медициналық орталығының жарнамасы
«Достық» орталығынан жазылдым
Ережепгүл АДЫРБЕКОВА, 60 жаста:
Бұл дерт жабысқалы ұзақ жыл болды. Бұл дерттен айығу үшін талай жерге бардым. Көбі емі жоқ екенін айтып, шығарып салатын. Елден естіп, «Достық» Тибет медициналық орталығына барып, 6 ай бойы үздіксіз емделдім. Қазір сырқатымның 90 пайызы айықты. Соңғы ем алуға отбасылық жағдайға байланысты бара алмағам. Енді қайта дәрі алып, сықпа майларын жағып, емделе бастадым. Менің сырқатымды білетіндер бұл аурудан қалай айықтыңыз деп сұрап жатады. «Достыққа» айтар алғысым мол. Ең бастысы, сенім керек. Қандай ауру болса да, оның шипасы бар.
Айнұр ӘБДІХАЛЫҚОВА, 36 жаста (8702 193 62 98):
32-33 жасымда балалы болдым. Осы кезде витилиго дерті біліне бастады. Жұқпалы емес, қышытпайды, ауыртпайды. Бірақ топты ортада, адамдар арасында өзіңді қатты ыңғайсыз сезінесің. Көп жерге бардым. Нешетүрлі ем қолдандым. Бірі де көмектеспеді. Ақыры, елден естіп «Достыққа» бардық. Орталық дәрігері Сұңқар Мұқаш бұл дерттің неден пайда болатынын, адам ағзасында қандай өзгерістердің жүретінін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ішетін және жағатын дәрілер берді. Екі ай бойы үзбей қолдандым. Қарасам, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Көңілім құлазыды. Дәрі қолдануды тоқтатқым келді. Кезекті рет текке шығындалдым ғой деп ойладым. Бірақ дәрі ішуді және жағуды тоқтатпадым. Үміт еттім. 3 айға жетпей, ақ дақтардың ортасында секпіл тәрізді қара қошқыл дақтар пайда бола бастады. Көп өтпей-ақ өзімнің бұрынғы терім қалпына келді. Қуанғанымды көрсеңіз ғой. Қолым, жүзім, мойным… бәрі өз қалпына келді. Жолдасым екеуміз алып-ұшып «Достыққа» бардық. Рахмет айттық. Одан бері екі бала босандым. Сол кезде бұрынғы дерт қайта пайда болады. Мен дереу орталықтың дәрілерін қолданамын. Шүкір, қазір құлан-таза айықтым.
Ең бастысы, бұл дерттен айығуыма Алла, содан кейін «Достық» орталығы көмектесті. Өзім секілді дертке шалдыққандардың бәріне орталыққа барыңдар, үміт үзбеңдер деп айтып жүремін.
Түйін: Тері ауруының кез келген түрі бойынша емделгіңіз келсе, “Достық” орталығына хабарласыңыз. Телефондары: 8708 6290537, 8778 879 05 25, 8(727) 256 95 69. 
 

http://www.dalanews.kz/25472

Просмотров: 1967 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]