Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:25
ЖАНАРЫНДА ЖЫЛЫЛЫҚ ҰЯЛАҒАН

Адам денсаулығы - ең қымбат қазына. Халқының саулығы үшiн аянбай қызмет еткен ақ халатты абзал жандардың бiрегейi - Ораз Алтайұлы. Бүгiнгi күнi алтын қолды дәрiгер, абыз-ата - Ораз Алтайұлы 80 жасқа толып отыр. Қарымбаев Ораз Алтайұлы 1938 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1965 жылы Семей медициналық институтын бiтiрiп, еңбек жолын Сырдария аудандық туберкулезге қарсы диспансерiнде бастаған. Облыстық туберкулезге қарсы диспансерiнде 1968 жылы дәрiгер ординатор, 1978 жылдан 2004 жылға дейiн өкпеден тыс туберкулез бөлiмiнiң меңгерушiсi, 2004 жылдан қазiргi уақытқа дейiн өкпеден тыс туберкулез бөлiмiнде остеолог-фтизиатр қызметiн атқарды. Сонымен қатар, 1965 жылы Алматы дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институтында «Сүйек-буын туберкулезi» циклi бойынша, 1969 жылы Алматыда өкпе туберкулезiнiң хирургиясы» циклы бойынша, 1971 жылы және 1981 жылдары Ленинград қаласында «Өкпеден тыс туберкулез» циклi бойынша бiлiмiн тұрақты түрде жетiлдiрiп отырды.

Ұстаздары Қазақ КСР-не еңбегі сiңген дәрiгерлер хирург Г.А. Федотованың және тәжiрибелi хирург С.Н.Ташпеновтiң басшылығымен қызмет атқарды. Көп жылдық тәжiрибесiнде облыста алғаш рет сүйек-буын жүйелерiне, одан кейiн де көптеген операциялар және лимфоаденоэктомия операцияларын жасаған. Гипс керуетке таңудың, ауыспалы корсеттiң жетiлдiрiлген үлгiлерiн тәжiрибеге енгiздi және оны дайындауға орта буын медицина қызметкерлерiн ұдайы үйретiп отырды. Науқастың тезiрек айығуы үшiн емдiк дене шынықтыруға үлкен мән бердi. Ел алдындағы дәрiгерлiк парызға айрықша сергек және жауапкершiлiкпен қарап, әрбiр iсiн тиянақты орындады. Өз iсiне ұқыптылығы, адалдығы арқасында науқастар арасында беделге ие болды. Тәжiрибесiн жас мамандарға үйретуден еш жалықпады.

Ұжым қызметкерлерiне ақылшы және қамқоршы аға, облыстық туберкулезге қарсы диспансерiнде Ақсақалдар Кеңесiнiң төрағасы.

Халыққа сiңiрген еңбегi үшiн 1981 жылы «Еңбектегi ерлiгi», 1989 жылы «Ардагерлер медалiмен», 2002 жылы «ҚР-ның денсаулық сақтау үздiгi» төс белгiсiмен марапатталды.

Қазiргi уақытта зейнеткерлiкке шығып, балалары мен немерелерiнiң ортасында жұбайы Зина апаймен бақытты өмiр сүруде.

Аса құрметтi Ораз Алтайұлы!

Сiздi бүгiнгi 80 жасқа толған мерейлi мерекеңiзбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сiз өмiрден түйгенi мол, медицина құпиясына әбден қанық, жарқын мiнездi ұлағатты дәрiгерсiз. Шынайы болмысыңызбен, шын ниетiңiзбен адамдарды сауықтырып, әркез өз бойыңыздағы мейiрiм шуағыңызбен жылыта бiлдiңiз. Содан болар, Сiздiң өмiр жолыңыз көпке үлгi етерлiктей өнегеге толы. Облыс тұрғындарының денсаулығын қорғау, оның iшiнде өкпеден тыс туберкулезден сақтандыру жолында 50 жыл, яғни жарты ғасыр аянбай жұмыс атқарып, кәсiби шебер атандыңыз! Мыңдаған науқастар мен олардың туған- туыстарының алғысына ие болдыңыз!

Өз заманында ғұлама ғалым, терең ойшыл Пифагор: «Атың өлмей ел аузында жүрсiн десең, соңыңда өнегелi ұрпақ қалдыр» деген екен. Сiз де осы талаптардың барлығы бойыңыздан табылған, көптеген шәкiрттердi мамандығының шеберлiгiне баулып, әр қимылыңыздан iскерлiк пен жiгерлiк аңғарылатын, адамға тән жақсы қасиеттерiңiзбен парасат, пайым, адамгершiлiк және жүзiңiзден мейiрiм төгiлген, жұмсақ мiнезiңiзбен ерекшеленесiз!

Жас ұрпаққа берер бiлiмi мен қатар үлгi-өнегесi мол болған ұлағатты ұстаз, кәсiби шебер дәрiгер, абыз-ата - Ораз Алтайұлы, бүгiнгi мерейтойыңызда Сiзге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұяңызға жақсылық тiлеймiз!

 

Iзгi ниетпен, облыстық туберкулезге қарсы диспансерiнiң ұжымы

 

«Сыр медицинасы» газеті, 16 қараша 2018 жыл.

Просмотров: 25 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]