Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:45
ЖАН САУЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫ

Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы – тіршілікте салауатты өмір салтын ұстануға, сауатты өмір кешуге байланысты. Осы мақсатта Ортақшыл ауылындағы №150 мектебінде туберкулезге қарсы акция өткізілді.

Аудандық туберкулезге қарсы бөлімше мен аудандық жас­тар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен «Әлемді туберкулезден құтқару. Туберкулезден зардап шегу, ауыру, қайтыс болудың деңгейі нөл» атты ұранымен өткен шара аясында облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-фтизиаторы А.Ахметов, облыстық салауатты өмір салтын сақтау орталығының бөлім меңгерушісі Б.Қарымсақова, облыстық жастар орталығының маманы Г.Масқожаева дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай өткізілген айлық аясындағы бұл іс-шараның маңыздылығына тоқталып, әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін әдеттерден аулақ болу жөнінде баяндамалар оқыды.
Мектептегі іс-шара барысында «Үздік қабырға газеті» сайысы түрлі тақырыптарда ұйымдастырылып, сайыс жүлдегерлері алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық емхана мамандары оқушыларға туберкулез ауруы жайындағы парақшаларды таратты.

Қ.ЖИДЕБАЙ

http://osken-onir.kz/zhan-sauly-y-lt-sauly-y/

Просмотров: 1000 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]