Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:53
Жалағаштық ақ халаттылар ардақталды

Медицина қызметкерлері кәсібінің мәртебесін көтеру және оларды барынша қолдау – Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Қоғамымыздың басты байлығыадам денсаулығы десек, сол байлықтың баянды болуына қалтқысыз қызмет етіп жүрген медицина саласының қызметкерлері.

Кеше кент орталығындағы Қ.Қазантаев атындағы аудандық Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, ауданымыздағы медицина саласының қызметкерлерін және сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Аудан халқына жылдың 365 күнінде, тәуліктің 24 сағатында, күн-түн демей қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға мереке аясында толайым табыстар тіледі.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Жұмағалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, «Нұр Отан» ХДП Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаевалар сөз алып, медицина саласының қызметкерлерін  кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бірқатар медицина саласының қызметкерлері аудан әкімінің «Алғыс хатымен», облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хатымен», облыстық, аудандық ардагерлер кеңестерінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттарымен», «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Алғыс хатымен» және аудандық денсаулық сақтау саласы қызметкерлері кәсіподағының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Ал, Мақпалкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясының стоматолог дәрігері А.Тұңғышбаева Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген еңбегі үшін Стоматологтар Бірыңғай Қазақстандық ассоциациясының «Стоматологиялық қызметінің үздігі» төсбелгісі табысталды.

Жиын соңы аудандық Қ.Қазантаев атындағы аудандық Мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының және аудандық аурухана қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

http://halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=7631:2017-06-16-03-15-34&catid=2:2011-11-18-08-59-27&Itemid=2

Просмотров: 769 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]