Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:45
Жаңақорғанда дәрігерлер мен мұғалімдердің тиісті үстемақысы төленді

Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін педагог мамандар тиісті 40% қосымша үстемақыдан қағылып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Прокурорлардың қадағалау актісі негізінде Жаңақорған ауданының 478 мұғаліміне 8 миллион теңгеге жуық қаржы төленді. Сондай-ақ аудандық аурухананың мыңнан астам жұмысшысы жалақыларын ала алмай жүрген. Қазір медицина қызметкерлеріне 125 миллион теңге еңбекақы беріліп, мекеме басшысы әкімшілік жауапқа тартылды.

«Одан бөлек, тегін медициналық көмек көрсету жағдайы талданған болатын. Талдау нәтижесінде 479 нәрестеге аудиологиялық скрининг өткізілмегендігі анықталды. Тиісті ұсыным енгізілгеннен кейін барлығы аудиологиялық скринингтен өтті. Жедел жәрдем көрсету жағдайы да талқыланған болатын. Аудан көлемінде жедел жәрдем көліктері жетіспейтіні анықталып, тиісті қадағалау актісінен кейін жедел жәрдем көліктері сатып алынып, шектелмеген азаматтардың құқықтарын қорғау қамтамасыз етілді», - дейді Жаңақорған ауданының прокуроры Нұрболат Дүйсенбаев.

https://syr-media.kz/news/7250-zhaaoranda-drgerler-men-malmderd-tist-stemaysy-tlend.html

Просмотров: 23 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]