Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2018 » Қаңтар » 12 » Жаңа дәуір талабы
08:42
Жаңа дәуір талабы

Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық саласына айрықша маңыз берді.Онда төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында елдің дамуына арналған 10 негізгі тапсырманы іске асыруды міндеттеді.

Ел Президенті Н.Назарбаев бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып отырғанын алға тартты. Көшбасшының: «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде», деген сөздері әрбір қазақстандыққа терең ой салды деп ойлаймын.

Біз белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға күш-жігерімізді, біліктілігімізді жұмсауға дайынбыз. Халықтың денсаулығын сақтау бағытында аурухана жанынан «Жол картасы» аясында инсульт бөлімі ашылды. Кардиология кабинеті жұмыс істеп тұр. Неврапатолог, травматолог және психолог мамандары тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетуде.

«Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда теміржол емханасы мен ауруханасында КМИС цифрлық бағдарламасы қолға алынуда. Науқастың ауру тарихы компьютерге түсіріліп, ортақ базаға енгізіледі. Аталған жүйенің медицина қызметкерлері мен пациенттер үшін көмегі көп. Ең бастысы, қағазбастылықтан арылып, кез келген өңірде сандалмай қажетті ақпаратты бір базадан алу қарастырылған.

Сондай-ақ, бізде е-gov қызметі, call орталық, кезек нөмірін алатын терминал, SOS қызметтері жұмыс істейді. Осыған сай мамандардың білімін арттыру да алдағы уақытта да жүзеге асырылады. Денсаулық саласындағы жаңа леп дәрігерлерді қанаттандырып, құлшынысымызды арттырады.

Құбыл РШЫМБЕТОВ,

теміржол ауруханасының бас дәрігері.

https://qazaly.kz/kogam/668-zhaa-dur-talaby.html

Просмотров: 13 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.