Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Желтоқсан » 21 » Жүрегі жылы, жүзі жарқын
14:30
Жүрегі жылы, жүзі жарқын

Қасиет қонған Қазалы топырағында туып, абыройлы еңбегімен осы ауданның құрметті азаматы атанған Нұрсұлтан Мұратбаевтың еліне деген сүйіспеншілігі ерекше. Өзінің болашағын медицина саласымен сабақтастырған ол 1960 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1965 жылы дәрігер стомотолог мамандығын алып шыққан.
Институттан кейін туған жеріне жолдама алып, аудандық ауруханаға жұмысқа орналасты. Бір жылдан кейін, жергілікті халықтан, яғни қазақтан бірінші болып, хирургия бөлімін басқарды. Осы тұста бұған дейін хирургия бөлімін түрлі ұлт өкілдерінің басқарғандығын айта кеткен орынды. 1967 жылы аудан орталығындағы поселкелік ауруханаға бас дәрігер болып ауысты. Ал, 1972 жылы жаңадан аудандық аурухана салынып, поселкелік аурухана жабылған соң, аудандық стомотологиялық бөлімін басқарды. 1980 жылы денсаулық сақтау министрлігіне шығып, 8 ауданның ішінде бірінші болып, стомотологиялық емхана ашып, емханаға бас дәрігер болды. Зейнеткерлікке шыққанша сол мекемені басқарды.
«1980 жылдары медициналық институтты бітірген дәрігерлер тағы бір жыл институттың базасында оқып, сонан кейін барып, өз бетінше науқасты қабылдауға құқықты болған. Бірақ, мен I категориялы дәрігер болғандықтан институтпен келісіп, институттың базасы есебінде Арал мен Қазалы аудандарының дәрігерлерін бір жыл оқытып, интернет бітірттік. 1976 жылы өзімнің негізгі жұмысыма қоса он жыл 1986 жылға дейін аудандық медицина мекемелерінің кәсіподақ ұйымдарының төрағасы болдым. Ол кезде ауданда 16 кәсіподақ ұйымы жұмыс жасады. Денсаулық сақтау мекемелерінде, 1986 жылдан кейін 1990 жылдың аяғына дейін аудандық аурухананың партия ұйымының хатшысы болдым. 1976 жылы Қаз КСР денсаулық сақтау министрінің аттестациялық комиссиясының аттестациясынан өтіп, бірінші категориялы хирург деген атақ алдым. 1980 жылы дәрігер стомотологтардың екінші съезінде «КСРО медицина саласының үздігі» деген төс белгісімен, үш рет республикалық медицина кәсіподағының грамотасымен марапатталдым», – дейді білікті дәрігер.
Иә, Нұрсұлтан Мұратбаев алғыс арқалаған ардақты ардагер. Ол В.И.Лениннің туғанына – 100 жылдығына арналған, «1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 65 жыл» мерекелік, 2000 жылы Қызылорда облысының дамуына елеулі үлес қосқаным үшін «Қызылорда облысына – 70 жыл» мерекелік, Жанқожа батырдың ұрпағы ретінде халыққа қалтқысыз қызмет еткенім үшін «Жанқожа батыр – 240 жыл» мерекелік медальдарын кеудесіне тақты. «Лидер отрасли 2013» және осы одақ «Қазақстан даңқ» орденімен марапаттаған. Ұлы Отан соғысы кезінде колхозда ерінбей еңбек еткен азамат қазір тыл ардагері. 2001-2005 жылдары Әйтеке би кентінің ардагерлер ұйымының төрағасы болды. Бүгінде аудандық ардагерлер ұйымының алқа, облыстық ардагерлер ұйымының пленум мүшесі. 1967-1972 жылдары екі рет поселкелік советтің депутатығына сайланды. Өткен жылы Қазалы ауданының құрметті азаматы атанды.
Бұл күні жары Ғалиямен бала-шағасынан немере, шөбере сүйіп, тату-тәтті өмір сүріп отырған қамқор әке, ақылшы ата.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қол қусырып қарап отырмай, үкіметтен жалға жер алып, «Ернар» шаруа қожалығын ашып, мал өсіруде. 2008 жылдан бастап, «Ерлан-Құрылыс» мекемесінің жұмысын да қарқынды жүргізіп келеді.
2014 жылы ұлттық бизнес рейтингтер одағы Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Әзірбайжан кәсіпкерлікті жақсы дамытқаны үшін «Сапа көшбасшысы» атағын берді.
2009 жылдың жазында «Жанқожа батыр» қоғамдық қорын ашты. Аталған қордан Қызылорда қаласындағы Мәдина Ералиева атындағы мәдениет сарайын абаттандыруға қаржы бөлді.
2011 жылы Жанқожа батыр кесенесіне жөндеу жұмысын жүргізуге атсалысты. Жыл сайын қордан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетіп, қамқор қолдарын созады.
«Мекемелерді ашқандағы мақсатым жұмыссыздарға жұмыс тауып беру, аз да болса халықтың әл-ауқатын, тұрмысын жақсарту, еліміздің экономикасын көтеру», – дейді медицина саласының ардагері.
 

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

https://qazaly.kz/kogam/303-zhreg-zhyly-zhz-zharyn.html

i-language:RU'>-diabetn-aupt-ekenn-ble-zhr.html

Просмотров: 55 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.