Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:48
ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАР НАУҚАС БАЛАЛАРДЫ ЕМДЕУГЕ СЕПТІГІН ТИГІЗДІ


Қызылорда облысының емдеу ұйымдарына өткен жылы озық үлгідегі 150 медициналық құрал алынды. Бұл үшін жергілікті бюджеттен бір миллиард 700 миллион теңге жұмсалды. 5 бағыт бойынша іске асырылып жатқан аймақтық жол картасында ұрпақ саулығына аса мән берілген. Осы ретте Ана мен бала орталығы мен балалар ауруханасы жоғары технологиялы аппараттармен жабдықталды, деп хабарлайды 24 kz телеарнасы.

- Өткен жылы 1980 операция жасалды. Бұрын осы науқастар аурухана толық жабдықталмауына және мамандар біліктілігі өз деңгейінде жетілмеуіне реаниматор, анестезиолог мамандар болмауы байланысты 2 айға дейінгі нәрестелік науқастар Астанадағы ұлттық нейрохирургия орталыққа жолданатын. Ал қазір ауруханада өз құралдармен компьютерлік томограф, магнитті резонансты томограф, ангеограф арқылы зерттеліп. Операциялар жасалуда, – дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қанат Медетбаев.

Мұндай жетістіктер ана мен бала орталығы үшін де ортақ. Нәресте өкпесін жасанды желдету құрылғысының бесеуі және жоғары санатты ультрадыбыстық зерттеу құралы алынған жарты жыл ішінде 300-дей құрсақішілік ақаулар ерте анықталды. Перинитальды орталықтың материалдық-техникалық базасы сондай-ақ телекоммуникациялық операция жүйесімен толықты. Ол жергілікті бюджетке 167 миллион теңгеге түсті.

- Біз операция жасаумен қатар телекоммуникация жүйесі арқылы өзге өңірлердегі тіпті шетелдегі операцияларды бақылай аламыз. Бұл дәрігерлердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді, – дейді ана мен бала орталығының бас дәрігері Гүлнар Жұмашева.

Балалар медицинасын дамыту өңірлік денсаулық сақтау саласының басым бағыты саналады. Сондықтан аймақ дәрігерлері жыл сайын техникалық жарақтандыруды арттыра отырып, науқас балғындарға жарқын болашақ сыйлауға мүдделі.

https://syr-media.kz/news/1420-yzylordaday-zamanaui-rylylar-nauas-balalardy-emdeuge-septgn-tigzd.html

Просмотров: 104 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]