Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 22 » ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШҚЫ АЛТЫ АЙДА АНА ӨЛІМІ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ
21:25
ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШҚЫ АЛТЫ АЙДА АНА ӨЛІМІ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

2017 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша 8901 нәресте дүниеге келген. Ана өлімі болған жоқ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында, облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бағдарлама 7 бағыттан, 203 іс-шаралар және 28 нысаналы индикатордан тұрады.
Жоспардың басты мақсатыоблыс тұрғындарының денсаулығын нығайтып, соңғы нәтиже басты нысаналы индикатор күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72,1 жасқа ұзарту болып саналады (республикалық көрсеткіш 72,2). 2017 жылға облыс бойынша межеленген жас — 71,91, республика бойынша — 72,2 жас.
2017
жылдың 6 айы бойынша денсаулық сақтау саласының негізгі индикаторлық көрсеткіштері: Жалпы өлім көрсеткіші былтырғы жылдың 6 айымен салыстырғанда 3,7% төмендеп, 1000 адамға шаққанда 2,6 құрады (2016ж-2,7).
Ағымдағы жылы елді мекендердегі халыққа көрсетіліп жатқан медициналық көмектің сапасын арттыру, уақытылы және қолжетімді болуын қамтамассыз ету, сондай-ақ, облыстық перинаталдық орталыққа түсетін күштемені төмендету мақсатында облысымызда бүгінгі таңда 2017ж 1-жарты жылдығында 2-аудан орталығының босану бөлімдері өңірлендірудің екінші деңгейіне өткізілді, олар Шиелі және Жалағаш аудандары, — дейді басқарма басшысы.

http://syr-media.kz/news/yzylordada-al-ash-y-alty-ajda-ana-limi-tirkelgen-zho/

Просмотров: 34 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.