Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:49
Қызылорда облысының бас медициналық порталына – 2 жыл!

Дәл осыдан 2 жыл бұрын, яғни 2013 жылдың ақпан айының 11-інде “Интернет” ғаламторында "ПСИХИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУ САЛАСЫНДА ІСТЕЙТІН МАМАНДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Төрехан Қасымұлы Бектегеннің ұсынысымен “Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты” ашылып, жұмыс істей бастады.
Облыс дәрігерлері мен мейірбикелерінің аттестаттау мақалаларын жариялауға арналған бұрын сайт жоқ болатын. Қауымдастық төрағасы ҚР ДСМ МФҚБК Қызылорда облысы бойынша департамент директорының орынбасары Сәуле Сахиқызына портал жұмысын таныстырып, ондағы жарияланған материалдардың аттестаттау талаптарына сай болатындай дәрежеге қол жеткізді.
Одан соң ҚР ДСӘДМ МФҚБК Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Шәкизада Сақташқызы Исағалиеваға өтініш айтылып, портал өз жұмысын жалғастырды.
Осы кезге дейін сайтта 2,5 мыңдай мақала тұр.
Сайтқа тәулігіне 700-800 адам кіріп, материалдармен танысады, “кіші чат” арқылы сұрақ қойып, дәрігер кеңесін алады. Сайттағы материалдардың бәрі медицина тақырыбындағы басқа жерде жарияланбаған тың материалдар.
Елімізде қазақ тілінде жазылған медициналық мақалалардың әлі де аздығын ескерсек, мұны орасан зор еңбек деп бағалауға болады.
Сайтқа күнделікті жаңа материалдар қосылып тұрады.

Сайт үйлестірушісі Серікбай Смағұлұлы,
дәрігер психолог,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
“ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі” және
“Алтын дәрігер” төсбелгілерінің иегері,
“Сыр психология әлемі” республикалық
психологиялық және ғылыми-танымдық
газетінің бас редакторы

     

 

Просмотров: 803 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]