Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:32
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АНГИОГРАФИЯЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫСЫНА ҚАЖЕТТІЛІК ТУЫНДАП ОТЫР


 Өткен аптада денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өңірлік коммуникация қызметімен бірлесіп, облыстық медицина орталығында кезекті баспасөз турын ұйымдастырды.
     Денсаулық сақтау саласын үш жылдың ішінде әлемдік стан¬дарттарға сәйкестендіру жоспары тұр. Ол үшін жаңа үл¬гі¬дегі медициналық қондырғылардың маңызы зор. Бүгінде заманауи үлгіде жасалған қон¬дыр¬ғылар облыстық медицина орталығында орнатылған және осы технология арқылы халық¬қа жылдам қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта 5,9 млрд. теңгеге кезең-кезеңмен сапалы әрі қажетті медициналық қондыр¬ғыларын (МРТ, КТ, ангиограф, маммограф, террогамм, т.б) алу жобасы жоспарланған. Об¬лыс¬тық денсаулық сақтау бас¬қарма басшысының орынбасары Баян Буранбае¬ваның айтуы бойынша, бұл жоспар 2020 жылға дейін мемлекет¬тік-жеке меншік әріптестік ая¬сында жүзеге аспақ.
   2009 жылдан бері облысымызда жалғыз ангиограф медициналық аппараты жұмыс жасайды. Аталған аппарат арқылы қан тамырларын жан-жақты зерт¬теп, ми тамырларына, коронарлық, орталық жүйе тамырларына зерттеу жүргізіледі. Бүгінгі күн¬ге дейін қондырғыда 5000-нан астам коронография мен бас¬қа да зерттеулер, операциялар жүргізіліп келген. Әрине, бір ангиограф аппараты болғандықтан, кейде тұрғындардың қажетті медициналық көмекті алуға қолжетімділігі азаятыны белгілі. Мә¬селен, ангиографиялық қондырғысына қажеттілік 250 мың адамға - біреуден есептелінсе, об¬лыстағы 750 мың тұрғын үшін 3 ангиограф керектігін айтады мамандар.
    Жүрек-қан тамыр аурулары - әлем бойынша денсаулық сақтаудың басты проблемалардың бірі. Сондықтан мұндай ауыр дертке бей-жай қараудың өзі қор-қынышты. Ол ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге дейін әкеліп соқтырады. Сол себепті дер кезінде емдік шараларды жа¬сау дәрігердің міндеті болғандықтан қолдан келгенше жаңа технологиямен жұмыс жасап ке¬ле жатыр. Қызылорда облысының солтүстік өңірінде орналасқан Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары тұрғындарының инфаркт, инсульт сияқты аурулар¬ға жедел көмек алуы үшін ұзақ мерзім кететіні белгілі. Сол үшін ауданға ангиографиялық қондырғыларының қажеттігі айтылды.
   Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Буранбаева: "2016 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Денсаулық сақтау минист¬р¬лі¬гімен ангиографиялық құрылғы алу жөнінде біршама жұмыстар жүргізілгенімен, бюджеттен қа¬ра¬жат бөлінбеді. Құны қымбат 2 бір¬дей қондырғыны жергілікті бюд¬жеттен бірден алу қиындық туғызатындықтан, қазір облыстық денсаулық сақтау басқар¬ма¬сы тарапынан инвесторлар із¬деу және мемлекеттік-жеке-мен¬шік әріптестік жобасы ая¬сында қол жеткізу үшін жұмыстар жүргізілуде. Қондырғыны жет¬кізу, орнату және 5 жыл көлемінде сервистік қызмет көр¬сету жеке инвестор арқылы жүр¬гізу жоспарда бар",- деп әң¬гі¬меледі. Егер де қажетті инвес¬ти-циялық төлемдер 5 жылға бө¬лінсе, мемлекеттік бюджет жүк¬темесін қысқартуға мүмкіндік бе¬реді. Осылайша солтүстік өңір¬дегі аудандар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
   Облыстық медицина орталығында өткен баспасөз турында диабет орталығына да барып көрдік. Жаңа үлгідегі құрал-жаб¬дықтармен қамтамасыз етіл¬ген бөлімде науқастарға барынша жағдай жасалған. Сонымен қа¬тар диабет мектебі де жұмыс жасайды. Осы жылға дейін 361 нау¬қасқа 957 сабақ өткізілген. Са¬бақ барысында қанда қант мөл¬шерінің көбейіп кетуінен туындайтын дерттің белгілері, алдын алу шаралары, күтімі мен тамақтану режимі жайлы сөз болады. Қант диабеті әлем бойынша жүрек-қан тамыр аурулары және онкологиялық ауруларынан кейінгі үшінші орынды алады. Жас талғамайтын сырқат болғандықтан, қазіргі таңда осы диабетпен ауыратын тұрғындар саны көп. Мұ¬ның бірден-бір себебі тамақтану салтының өзгеруі, екіншіден, тұқымқуалаушылық бе¬йім¬ділігінен пайда болады. Бү-гінгі күні емдеу барысында қант диабетімен ауыратын нау¬қастар инсулинге тәуелді және тәуелсіз болып екіге бөлінеді. Сол арқылы емдеу шараларын да жүргізіп келеді. Тамақтану режиміне сай инсулин салуды қадағалап отыру қажеттігін ескертеді жауапты дәрігерлер. Әйелдер арасында көп кездесетін дерттің бірі - остеопороз. Бұл бүгінгі күні Қазақстанда бе¬лең алып келе жатқан сырқаттың бірі. Сондықтан да арнайы тексеру жүргізу үшін арнайы денситометр құрылғысы орталыққа алынған. Тегін түр¬де сүйектің тығыздығын тек¬серуге болады. Нәтижесі жедел түрде көрсетіледі. "Остеопороз ауруы тамақтану салтының дұрыс болмауынан туындайды, сондықтан да бала кезден сақтық шараларын жүзеге асырған жөн" дейді медицина орталығының мамандары.
    Қай уақытта да дені сау ұрпақ ұлт үшін маңызды. Денсаулықтың қадіріне аурудың алдын ала білген адам жетеді. Сондықтан салауатты өмір сал¬тын ұстанып, дәрігерге уа¬қытылы көрініп, профилактикалық шараларды дер кезінде қолданған жөн. Себебі бірінші байлық - денсаулық.
Жұлдызай Қалиева

Дереккөз: http://www.ustaz-martebesi.kz/index.php/2015-05-15-11-18-04/item/1116 %D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B0 
 

Просмотров: 80 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]