Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:58
ҚЫҢЫР БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕЙМІЗ?


Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Шайқап сөйлесең, көрсетер бір «өнер».

Отбасы дегеніміз не? Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыс (күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы, әжесі-атасы т.б.) бірлесіп әлеуметтік тұрмыста өмір сүретін адамдар. Ол жерде қарым-қатынас сүйіспеншілікке, ер мен әйелдің барлық жағынан толық негізделген. Балалар мен ата-аналардың қуанышы, реніші болып тұрады. Отбасылар әртүрлі болады, ол жердегі балалар да түрлі болып келеді. Отбасылық өмір адамның өмірінде қалыптасуына үлкен із қалдырады. Әр отбасында момын, тілалғыш, тілазар, қырсық, қыңыр мінезді балалар болады. Ата-аналар біз қыңыр, қырсық балаларды тәрбиелеуде көптеген қиындыққа тап болып жатамыз. Одан шығудың жолын білмей, басымыз ауырып не істерімізді білмей жатамыз.Қырсық, қыңыр балаларды қалай тәрбиелеуге болады? Не істеу керек? Осы сұраққа жауап беріп көрсек. Баланың мінезін дұрыс жаққа өзгерту үшін, ең алдымен ата-ана өзін өзгертуі қажет. Мұны түсіну оңай емес. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – бала бәрін тыңдап, орындайтын адамдай қарау. Ата-аналардың отбасындағы тәрбие мәселелері жөніндегі келіспеушілігі, көзқарастарының бір болмауы баланы жеке басында жақсы жаққа қалыптастыруға кері әсерін тигізбей қоймайды.
Ендеше балаңыздың мінезін жақсы жаққа өзгерту үшін, жақсы тәлім-тәрбие бергіңіз келсе психологиялық кеңестерімізге құлақ түріңіз:
1. Балаңыз үйде, көшеде қыр¬сығып жылап, тіл алмаса, сіз анасы өзіңізді ұстамды сабырлы ұстаңыз. Ашуы басылған соң, ақылмен жәймен түсіндіріңіз. Ол сізді түсінеді.
2. Бала өзіне сенімді болып өсу үшін үйде қолынан келетін жұмыстар тапсырып, бірге атқарыңыздар, бала сол кезде жауапкершілікті сезінеді.
3. Балаңызды жанын ауыртып кемсітіп, төмендетпеңіз арақа¬тынастарыңыз алшақтап, балаға ол психологиялық соққы болып тиеді.
4. Бала үйде бар айтқанын жасатқысы келіп сіздің көңіліңізді аударғысы келіп, қырсығып бар бұзықтықты жасап жатса, көңіл аудармаңыз. Егер де сіз балаға көңіл аударсаңыз, ол одан сайын қырсығып, тілазар болады. Тек қана сіз көңіл аудармай жұмысыңызды жасай беріңіз.
5. Бала одан әрі қырсығар болса, айқайлап ұрыспай, сөкпей барлық айтқаны бола бермейтінін түсіндіріңіз. Қазір ұрамын, соғамын деп қорқытып баланың зәресін алудың қажеті жоқ. Бұл әрекетіңізден кейін балаңыз сізге ешқашан сырын сеніп айтпайтын болады.
6. Әрқашан отбасы адамдары көңіл¬ді болып жүріп, баланың жеңісін көріп бақылап, мақтап отырыңыз.
7. Баламен ешқашан сөзге келуші болмаңыз. Айтқан уәдеңізде тұрыңыз, сонда ғана сізді балаңыз сыйлайтын болады.
8. Балаңызға ең қажетті дүние сіздің жылы алақаныңыз, мейіріміңіз, жылуыңыз, сол себепті балаңызды құшақтап, сүйіп, жақсы көретініңіз жайлы, ондай бала ешкімде жоқ екенін есіне салып, күнде айтып отырыңыз. Сізді жақсы көріп сыйлайтын болады.
9. Балаңыздың көзінше әкесіне қатты дауыспен ұрысып, айқайламаңыз, өйткені әкесін сыйламайтын болады. Болашақта әкесін тыңдамайтын болады.
10. Үйде дастархан басында балаңызға мағынасы бар тәлім-тәрбие туралы айтып , үнемі есіне салып отырыңыз.
11. Сырттан, жұмыстан ашуланып келсеңіз, балаңыз мазаңызды алса ақыңызды, ашуыңызды балаңыздан алмаңыз. Оған ол кінәлі емес.
12. Балаңызбен көп уақыт өткізіңіз, серуенге шығыңыз, далаға бірге шығып ойнаңыз, ертегі кітаптарды бірге оқыңыз, сырласыңыз, дос болыңыз, балабақшада немесе мектепте не болғанын әңгімелеңіз. Болашақта бар сырын сізбен бөлісетін болады.
13. Сыпайы болыңыз, жағым¬сыз эмоцияларға ерік бермеңіз, баланы балағаттамаңыз. Ол мұны ұмытпайды. Кейін өскенде кекшіл болады.
14. Балаңызды өзіңізбен бірдей тең қойып, ересек досыңыздай тыңдаңыз.
15. Балаңыздың ұнататын нәрселеріне қызығушылық танытыңыз, оның сүйікті компьютер ойындарын, сүйікті мультфильмдерін, әндерін, сүйікті ойыншықтарын біліп жүріңіз. Сізге де ұнайтынын айтып отырыңыз, бұл балаңызға ұнайтыны сөзсіз.
16. Бала үндемей ақтарылып сөйлеспесе, ренжімеңіз. Егер бала бірдеңемен бөліскісі келсе, мұқият тыңдаңыз, сұрақ қойыңыз, өз ойымен бөлісіп, қолдау көрсетіңіз.
17. Үйде немесе сыртта балалармен жанжалды жағдайға тап болған кезде,баланың тек нақты іс-әрекетіне баға беріңіз. Ол сізге жеке адам есебінде емес, мінез-құлқы ғана ұнамайтындығын білуі тиіс.
18. Балаға дауыс көтермей өзіңізді байсалды, әдепті ұстаңыз. Төзімділік пен ұстамдылық танытыңыз, білем оңай емес, бұл сіздің балаңыздың болашағы үшін.
19. Балаңыздың қыңыр, қырсық мінезін түсіну үшін, өзіңіздің балалық шағыңызды еске түсіріп, оның жасында қандай болғаныңызды ойланыңыз.
20. Балаңыз сіздің кез келген кеңесіңізбен бұйрығыңызды тез арада қабылдайды және тілалғыштықпен орындайды деп күтпеңіз. Біріншіден, ол бағынады және тілалғыш болады деп ойласаңыз және олай болмай шыққан жағдайда өзіңіз күйзеліске ұшырап, жаныңыз ауыруы мүмкін. Аналар, біріншіден, өзіңіз осыған дайын болыңыз.
Қорытындылай келе, осы айтылған барлық кеңестеріміз сіздерге көмегі тиер деген ойдамын.

Дайындаған:
Гүлнар ЖАҢАБЕРГЕНОВА,
С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің педагог-психологы.

http://qazaly.kz/y-yr-balany-alaj-t-rbielejmiz/

Просмотров: 1287 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]