Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:40
ТІС ЖҰЛУ – ӨТКЕН ЗАМАННЫҢ ӘДІСІ

Тіс – күлкінің көркі, күлкісінің кемшіліксіз болғанын əрбір жан қалайды. Дегенмен, бұдан бірнеше жылдар бұрынғы уақытқа шегініс жасасақ тісіміз ауырып жанға батқанда ғана дəрігер алдына баратынымыз өтірік емес. Онда да əбден асқынып, тек тамырымен жұлдыруға барамыз. Егер бағзы заманда ауырған тісті жұлудан басқа амал болмаса, бүгінде оны емдеп қана қоймай, түзету арқылы оған сəн де беруге болады. Өйткені, бүгінде аталған салада даму өте қарқындап алған. Адамдар тістің сау тұруынан бастап, оның түп-түзу, əрі көркем болуына дейін ерекше мəн береді.

Ауданымыздың осы салаға қатысты əттеген-ай дейтін тұстар да жоқ емес. Қиындықтар өте көп жəне оған түрлі қырдан қарауға болады. Біріншіден, ауданда са- палы стоматология аз, адамдар не сапасыз қызметке душар болады не өзге облыс орталықтарына баруға мəжбүр. Екіншіден, мамандар тапшы, əсіресе балалардың тістерін емдейтін дəрігер өте аз. Санасақ үш кабинет қана. Енді əрі қарай ойлана беріңіз. Кезекке тұрған тұрғындардың қаншалықты болатынын. Мүмкін бұл балалармен жұмыс жасаудың күрделілігінен болар. Осы ретте ауданда 1997-98 жылдардан бері жұмыс жасап келе жатқан «Қарсат» ЖШС директоры Қарасай Маткеевке хабарласып, аталған сала төңірегіндегі халық көкейінде қордаланған сауалдарды қойған едік.

– Адамдардың тіс күтіміндегі қателіктері қандай?

– Профилактика жасау, ауырудан əлдеқайда арзан екенін адамдар білмейді, білсе де назар аудармайды. Күнделікті өмірден көріп жүргенімдей барлық тістің қатары бұзылмай, қаз қалпында тұруына көңіл бөлетіндер сирек. Тіпті көзге көрінетін алдыңғы тістері аман тұрса, азу тістерінің түсіп қалғанына мəн бермей, қиналып, қысылып жатпайтындар бар. Олардың бəрі дерлік тіпті бір-екі азу тістің жоқтығынан бет əлпетіме де, денсаулығыма да ешқандай нұқсан келмейді деп ойлайды. Сөйтіп, жоқ тісімді əйтеуір бір реті келгенде салдыртып алармын деп жүре береді. Ал, негізі ауыз қуысын күніне екі рет тазалап, жарты жылда бір рет тіс дəрігеріне қаралып тұру керек, тісіңіз сау болса да, профилактика артық етпейді. Одан кейін жаңғақты тіспен шағу, бөтелкені тіспен ашу дегеннен мейлінше аулақ болып, суық пен жылының да тепе-теңдігін сақтаған жөн

 – Көп жағдайда тісті жұлмайсыздар. Кейбір науқастар күнде келіп емдетіп, ауырғанына төзгеннен бір күн ғана келіп, тісін жұлғызып кетуді жөн санайды. Тіс дəрігері ретінде мұндай жандарға не дер едіңіз?

– Қазіргі заманауи технологиялардың арқасында тісті емдеу арқылы оны аман қалдыруға болады. Тісті жұлу өткен заман əдісі. Бұдан бірнеше жылдар бұрын емдеу процесі ба- рысында емделушілер қанша дəрі егілсе де ауыруды сезінетін. Қазіргі таңдары жақсы дəрі, уколдарға, материалдар мен протездердің де түр-түріне қол жеткізуге болады. Дегенмен, кейде тісті жұлатын жағдайлар болады. Егер тіс жегінің асқынуы анықталса, тіс жұлынады.

 – Мəселен, көп адамдар жоқ тісінің орнына тіс салдыру үшін жанындағы сау тістерін егеп, тіс эмалін бүлдіріп алудан қорқып, жүріп алады. Ал, тіс имплантациясын жасату үшін өзге облыс орталықтарына баруға мəжбүр. Бізде осы жұмыстарды қолға алуға не кедергі?

– Тіс имплантациясын жасау үшін білікті мамандар болуы қажет. Сосын ол көп уақыт қадағалауды талап ететін ем- шара, 6 ай немесе одан көп уақыт аралығында дəрігер бақылауында болуы керек. Ал, облыс орталығының өзінде тіс имплантациясымен бір кабинет қана айналысады. Міне, жолдаған сауалдарымызға осындай жауаптар алдық. Осы тұста айта кететін тағы бір жайт, белгілі бір топтарға жеңілдіктердің қарастырылмауы. ҰОС ардагерлері мен оған теңестірілгендерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы аналарға неге жеңілдіктер жасамасқа? Жоғарыда аты аталған кəсіпкер бұл турасында нарық заманын алға тартумен шектелді. Егер құзырлы орындар осы мəселені қолға алса, көп жанның алғысына бөленері сөзсіз.

 

Дина ЖҮСІПОВА

«Өскен өңір». 17 маусым 2017 жыл.

Просмотров: 925 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]