Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:09
«ТИІМДІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

 

Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде «Тиімді жедел жәрдем» жобасы аясында семинар өтті. Семинарға аудан әкімі М.Оразбаев, аудан прокуроры Б.Тоқмырза, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының аудандар бойынша емдеу ісі жөніндегі орынбасары З.Тасирова, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары А.Кірбасов, аудандық жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі З.Үйқасова, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары қатысты.

Семинар барысында жоба аясында жүргізілген талдау нәтижелері айтылды. Мысалы «Жедел жәрдем» бригадаларының шақыртуларға кешігіп баруының бір себебікөше атаулары мен тұрғын үйлердің нөмірленбеуі екендігі анықталып, арнайы тақтайшаларға 4 000 000 теңге қаржы бөлініп, орналастыру жұмыстары жүргізілген. Бұған қоса, қала көшелері мен тұрғын үй нөмірлері өзгерген жағдайда жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесіне шұғыл ақпарат беру үшін қала әкімдігінің аппаратының қызметкері арнайы бекітіліп отыр.
Осылайша жедел-жәрдем қызметінің тиімді жұмысын үйлестіруді ерекше назарға алған семинарда жобада айқындалған іс-шараларды мерзімінде орындау туралы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

http://kyzylorda-news.kz/zhanalik/lifnews/13777-timd-zhedel-zhrdem-zhobasy-ayasynda-seminar-tt.html

Просмотров: 1025 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]