Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:42
Тегін дәрі-дәрмектер туралы ақпаратты онлайн түрде көруге болады

Диспансерлік емделушілерге тегін босату үшін аймақтарға қандай дәрі-дәрмектер жөнелтілгені туралы ақпартты енді бірыңғай дистрибьютор сайтының "2018 жылға АДҚ бойынша ақпарат" бөлімінен сілтеме бойынша көруге болады, деп хабарлайды BNews.kz.

"СҚ-Фармация" сайтының арнайы құрылған бөлімінде емделушілер бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайы туралы және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша босататын дәріхана туралы барлық қажетті ақпартты таба алады.

Бірыңғай дистрибьютордың басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, бөлімдегі ақпарат күнделікті жаңартылады және емделушілер өзіне ұсынылған дәрі-дәрмектердің дәріханаларға түскенін көре алады.

"Пациенттер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоқтығын және дәріханаға келгенін білу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан, бұл деректерді ашық жариялау туралы шешім қабылданды", - деді Шария Исмуханова.

Сондай-ақ, сайтта сіз тегін ақпарат алу үшін дәрі-дәрмектердің мекен-жайы мен байланыс телефондары туралы ақпараттарды таба аласыз.

Сонымен қатар, бөлімде қазақстандықтар қажетті препараттардың өз аймағына жөнелту кестесі туралы неғұрлым нақты ақпаратты қоңырау шалу арқылы алуға болатын шұғыл байланыс телефондары жарияланды.

Бірыңғай дистрибьютор ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы бойынша аймақтардағы медицина және дәріхана ұйымдарына дәрі-дәрмектің жеткізілуінің және олардың рецепт бойынша босатылуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.

http://syrboyi.kz/negizginews/17187-tegn-dr-drmekter-turaly-aparatty-onlayn-trde-kruge-bolady.html

Просмотров: 97 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]