Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:38
Тараздағы орталық жүрек пен бүйрек трансплантологиясын қолға алмақ

Бұрын жүрек ауруына шалдыққан жамбылдық тұрғындар емделу үшін Алматы мен Астанаға немесе шетелге баратын. Ал қазір қалада 3 бірдей орталық жұмыс істейді. Олардың екеуі жекеменшік. Мемлекеттік тапсырыс негізінде тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетеді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде науқастарға көмек көрсетіп келе жатқан клиника 2013 жылы ашылған. Мұнда емдеу мен операция жасауға тұрғындар қалтасынан қаржы шығармайды, шығынның бәрін мемлекет көтереді. Науқастар емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы келеді. Осы уақытқа дейін бұл орталықта 4 мыңнан астам операция жасалған.

Бүгінгі таңда клиникаға көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен ем қабылдауға келіп жатқан науқастар да бар. Заманауи құрал-жабдықпен қамтылған мекемеде жүрекке кез-келген операция жасауға болады. Ақылды аппараттар шұғыл қимылдап, сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Ермекбай Әбдіраимов, облыс тұрғыны:

- Бұл клиника болмаса, тамыр жарылып, ауруханаға да жете алмас едім немесе мүгедек болып қалар едім. Ешқандай ақша төлемедім. Ал Тараздағы кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының мамандары үлкендерден бөлек, нәрестелердің жүрегіне операция жасауға көшкен. Бұл жаңа туған сәбилердің өлім көрсеткішінің азаюына септігін тигізді. Орталықта 3 жасқа дейінгі балаларға тегін көмек көрсетіледі. Ал қалған науқастарға бюджет қаржысы есебінен жасалады.

 

Сейітхан Жошыбаев, кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры:

- Тегін мемлекеттік медициналық көмек ретінде бірінші жылы біз 50 адамды қабылдадық. 100 адамды ақылай жасадық. Елу адамды Үкімет берді. Қазір жасаған операциялардың 95-98%-ы Үкіметтің қаржысымен болып жатыр. Бұл – үлкен жәрдем. Орталық енді жүрек пен бүйрек трансплантологиясын қолға алмақшы. Қазір бұл іске қажетті аппараттар қойылып, мамандар даярлануда. Енді аймақ тұрғындары мұндай көмекті өзімізде алатын болады. Міне, мемлекеттік қолдау шаралары медицина орталықтарының осындай батыл қадамдар жасауына жол ашып отыр. Ал жалпы Жамбыл облысында 7 мекеме мемлекеттік-жекеменшік негізінде жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта олардың қатарына тағы 5 медициналық нысан қосылады деген жоспар бар.

 

Авторлары: Нұржан Мергенбай, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/164025-transplantologiyasyn-ol-a-alma

 

Просмотров: 982 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]