Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:25
ТАЛДЫАРАЛДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ

Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округіне қарасты Талдыарал елді мекенінде медициналық бекет ел игілігіне берілді. Жаңа әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

– Қаламыз облыс экономикасының барлық салаларындағы өрелі өзгерістердің алдыңғы шебінен көрініп, аймақ дамуына септігі мол жаңашыл бастамаларымен көш бастап келеді. Әрине, қаланың қарыштап дамуы – оған қарасты ауыл әлеуетінің артуына тікелей әсері болатыны анық. Оған дәлелді өздеріңіздің ауылдан аңғаруға болады. Жергілікті халық сұранысын қанағаттандыру мақсатында жыл сайын жол салу, жарықтандыру, әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу секілді маңызды мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда, – деді қала әкімі.

Бұған дейін Талдыарал елді мекенінде медициналық қызмет көрсететін ғимарат болған жоқ. Соған байланысты дәрігерлер арнайы құрылғылармен жабдықталған әртүрлі ғимараттарда қызмет атқарды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аталмыш нысан құрылысын қалалық мәслихаттың депутаты, «ИнтерГроСтрой» ЖШС директоры Бақдәулет Ысқақов жүргізген. Жалпы ауданы 110 шаршы метрді құрайтын жаңа бекет ауыл халқына алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда мұнда 6 адам еңбек етеді.

– Бұл медициналық пунктке 680 тұрғын тіркелген. Оның 171-і балалар болып табылады. Ересектер мен балаларға, сондай-ақ, жүкті әйелдерге де қызмет көрсетіледі. Алдағы уақытта пункттің қызмет көрсету ауқымы кеңейеді деп жоспарлануда. Күндізгі бөлімде ем алатын науқастарға дәрі-дәрмек тегін үлестіріледі, – дейді №4 қалалық емхананың бас дәрігері Бақыт Піржанова.

Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.

https://aqmeshit-aptalygy.kz/zanalyk/2146-taldyaralday-medicinaly-beket.html

Просмотров: 146 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]