Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:19
«ТАЯҚША» ТАЯҚ БОЛЫП ТИМЕСІН


Көп жағдайда өкпені зақымдап, науқасты­ң  денсаулығын  нашарлататын туберкулез ауруымен сырбойылық ақ халаттылар қалай күресіп жүр? Сала маман­дары ұсынған статистикалық деректе­рді  сөйлетсек, созылмалы дертке­  шалдыққандар түбегейлі жоқ  дей  алмаймыз.
 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр облыс бойынша алғаш рет туберкулезге шалдыққандар саны 460 (аурушаңдық – 59,2) болса, бұл көрсеткіш 2016 жылы 499-ды (аурушаңдық – 64,9) құраған. Аталмыш аурумен ауыратын  адам  санының  азаюы облыс­тық  денсаулық сақтау саласы үшін аса маңызды әрі жемісті көрсеткіш екені белгілі. Десек те аурудың қоздырғышы саналатын Кох немесе туберкулез таяқшасының таралуы қалай? Өткен жылы науқастардағы туберкулез таяқшасын бөлетіні 2016 жылмен салыстырғанда көбейіпті. 2016 жылы алғаш рет осы дерт­ке шалдығып тіркелгендердің ішін­де туберкулез таяқшасын бөлетіні – 148, бөлмейтіні 351 болған. Сәйкесінше, 2017 жылы туберкулез таяқшасын бөлетіні – 158, бөлмейтіні – 302.
Туберкулездің «таяқшасына» ден қоймас бұрын аурудың тарихы­мен  таныс  болсақ.
Дерттің «шежіресін» ақтарсақ, бүгін ғана пайда  бола салмағанын аңғарамыз. Ауру белгілері  осыдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам  сүйектерін   зерттеген  кезде­ табылған. Сондай-ақ, біздің зама­нымыздан бұрынғы 3-2 мыңжылдықта Египет мумияларынан анық­тал­ған деседі. Ал туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер Аретейдің еңбектерінде көптеп кездеседі. Онан соң Гиппократ, Гален сияқты ғалымдар өз зерттеулеріне арқау еткен. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру санатына қоспаған. Ал Әбу Әли ибн Сина болса өзінің «Дәрігерлік  ғылымның каньоны» еңбегінде бұл дертті тұқым қуалайтын аурулар қатарынан  екенін айтқан.
Сол дәуірден күні бүгінге дейін жеткен  дерт  жұртшылықты әбігерге салмай­ қоймады. Қазіргі күні мамандардың айтуын­ша, жұқпалы аурудың тарауына бірден-бір  себеп – науқас  адамнан  түс­кен  микробтары бар қақырық. Сау адам оның ұсақ сұйық тамшылары арқылы немесе кепкен түйіршіктерін ауамен қоса  бірге  жұтқанда  жұғады. Сирек  кез­десетін жағдай ретінде туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жеген­ кезде жұғатынын қосқан жөн. Адам ағзасы­на туберкулез таяқшасы енгенімен, оның толық дамуы үшін жеткілік­сіз. Сондай-ақ,  тұқым қуаламайды.
Қоғамдағы қай ауруды алсақ та онымен күрескеннен бұрын алдын алған тиімді екені белгілі. Сыр өңірінде 2016 жылы туберкулездің алдын алу жұмыстарына 1 556 716,0 теңге, ал былтыр  1 174 040,0 теңге қаржы жұмсалған. Айта кету керек, облыста туберкулезге қарсы жұмысты үйлестіру жұмыстары облыстық денсаулық сақтау басқармасына, әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары туберкулезге қарсы диспансерінің маман­дарына жүктелген. Туберкулез диагнозының негізделуі орталықтан­дырылған дәрігерлік кеңес беру комиссиясымен шешіледі. Туберкулезге қарсы арнайы егуді нәресте дүниеге келгенд­е денсаулығы жақсы балаға алғаш­ рет жылына 1 рет егіледі. Түрлі себептермен перзентханада БЦЖ вакцина­сы  жасалмаған  балаларға  жалпы­  емдеу мекемелерінде жүргізі­леді. Ал БЦЖ ревакцинациясы дені сау, туберкулез  микробактериясы  жұқпаған, Манту сынамасы нәтижелі 6 жастағы балаларға егіледі. Біздің өңірдегі емделушілерді, яғни  туберкулез науқас­тарын  Қазақстан  Республикасының  ДС  және ӘДМ-нің 2014 жылы 22 тамызында  бекітілген «Туберкулез бойынша­ профилактикалық іс-шараларды ұйымдаст­ыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»­ №19 бұйрық негізінде бекітілген кестемен  1, 2, 4 санат бойынша салмақ­  диапозондарын  ескере  отырып, І-ІІ-ІІІ қатардағы туберкулезге қарсы препараттарымен емдейді. Туберкулезге қарсы дәрілер республикалық бюджет есебінен облыс бойынша жасалынған жылдық есепке байланысты  бекітіліп, жеткізу кестесіне­ сай қамтамасыз  етіледі.­ Облыстық  денсаулық  сақтау  басқарм­асының  баспасөз қызметі «облыс­ бойынша дәрі қоры жеткілікті» дейді. Аймақтағы тубер­ку­лезге  қарсы  атқарылып  жатқан іс-шара­лардың  барлығы ҚР Үкіметінің қаулысына  сәйкес  жүргізіліп келеді.
Бас ауырып, балтыр сыздаса, дәрі­ханаға барып бір түйір дәрімен жазыла қоятын жеңіл ауру емес. Туберкулезге шалдыққан азаматтар қайда барып емделі­п жүр? 2016 жылы облыстық тубер­кулезге қарсы диспансерінде 1302 адам, ал 2017 жылы 1041 адам ем қабылдаған. Сондай-ақ Қазалы, Қармақшы, Сырдария  аудандық  туберкулезге қарсы диспансерлерінде де бірқатар науқаст­ар ем-дом алып келеді. Осы мәселеге орай айта кететін жайт, ел ішінде  аудандағы туберкулезге қарсы емделетін емханалардың не себепті жабылуы­н «түсінбей қалғандар» жоқ емес. Жұртшылық арасын­да «дертіне дауа іздегендерді емдеуді­ң орнына, мекемені­ ­ жауып тастағаны қалай?» деген­ кереғар пікірлер бар. Осының нақты­ жауабын облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманд­ары былай­ша түсіндірді. «Аудандардағы туберк­улезге қарсы диспан­серлері аудандық емханалар қарамағына берілді. Барлық ауданда фтизиатр маман­дары толық көлемде жұмыс жүргізуде. Оған басты себеп, емделеті­н науқас түрлерінің азайғандығы. Туберкул­ез таяқшасын бөлмейтін науқаст­ар өкпесіндегі өзгерістер шек­теулі болған жағдайда амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмегін қабылдайды. Және ай сайын 22600 теңге әлеуметтік көмек беріледі» дейді бізге ұсынған мәліметінде. Қазіргі таңда қалған үш аудандағы және Қызылорда қаласындағы емханада ақ халаттылар науқас­тарға дәрігерлік көмегін көрсетуде. Тубер­кулездің жұқпалы, мультире­зистентті, созылмалы  және  мәжбүрлеп емдеу­ге  390 төсек орын арналып, жүйелі  жұмыс  атқарылуда. Ал емханада емделетіндерден бөлек ауруынан шипажай­да   айығатындар   саны  артқан.­ Мәселен, 2016 жылы облыстық ере­сектерге арналған «Шалқия» шипа­жайында  884  адам емделсе, одан кейінгі жылы бұл көрсеткіш 937-ні құраған­. Облыстық балалар мен жас­өспірімдер  шипажайында  былтыр  347  бала  емделген.
Туберкулез тек қазақстандық ғана емес, ғаламдық өзекті мәселеге айнал­ғалы қашан. Себебі, әлем елдерінде созылма­лы аурудың соңы өліммен аяқталып жатыр.  Демек, туберкул­ез «таяқшасынан»  абай  бол­ғанымыз  қоғам  үшін де тиімді. Сақтан­саң, сақтайды  емес  пе?
Жазира  БАҒЛАН
 

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=8612:lr-&catid=6:2011-11-18-09-03-06&Itemid=6

Просмотров: 81 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]