Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 9 » ТҰРҒЫНДАРҒА МӘМС ЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ ТАРАТА АЙТТЫ
13:28
ТҰРҒЫНДАРҒА МӘМС ЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ ТАРАТА АЙТТЫ

Жаңақорған ауданында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 80-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында құрылған ақпараттық насихаттық топ Төменарық елді мекен тұрғындарымен кездесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шараға «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» МКК бас дәрігері Сәбит Ысқақов, аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Қамырбаева, аудандық партия филиалы қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны ашқан Сәбит Ысқақов партиямен тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік құзырлы органдарға диалог аланын ұсыну, МӘМС жүйесін енгізу кезінде әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу немесе болуы мүмкін қайшылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.
Өз кезегінде Гүлмира Қамырбаева МӘМС жүйесінің тиімділігін айта отырып, қалай жүзеге асырылатындығы жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.

http://syr-media.kz/news/t-r-yndar-a-m-ms-zh-jesi-zhajly-tarata-ajtty/

Просмотров: 31 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.