Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қазан » 10 » СЫР МЕДИЦИНАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
14:33
СЫР МЕДИЦИНАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Кейінгі жылдары еліміздің медицина саласы айтарлықтай дамуда. Өйткені, сала қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және оларды барынша қолдау мемлекет басшысының үнемі назарында. Өңірде қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар бүгінде өз нәтижесін беріп, жаңа ғимараттар салынып, саланың материалдық-техникалық базасы нығайып, кадр тапшылығы екі есеге азайған. Оған өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен облыстық медицина орталығының жұмысын таныстыру мақсатында өткізілген пресс-турда көзіміз жетті. Оған аймақ журналистері қатысты. Пресс-турдың басты мақсаты – орталықта көрсетілетін қызмет түрін қарапайым халыққа кеңінен насихаттау.
 

Алдымен қабылдау бөлімінін жұмысын назарға алдық. Жыл басынан бері бүгінге дейін 19 мыңнан астам науқас келіп қаралған. Мамандардың айтуынша олардың 50 пайызы емделіп шыққан. Аталмыш ауруханада жоғары мамандандырылған көмектің 52 түрі көрсетіледі. Кардиохирургия, қан-тамыр хирургиясы, нейрохирургия, травматология, реабилиатиция бөлімшелері науқастарға жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Бүгінде облыстық медицина орталығының жетістігі мол.
Өңірімізде денсаулық сақтау саласы жетіліп, көңіл бөлініп ірі жобалар жүзеге асып, тың бастамалар қолға алынуда. 600 орындық ауруханада 23 клиникалық, 37 қосалқы бөлімше жұмыс істейді. Мұнда күндіз-түні науқастарға үздіксіз қызмет ететін 1330 қызметкер бар. Бір жылда ауруханаға 40 мыңнан астам науқас келіп түседі. Оның ішінде 15 мың адамға күндізгі көмек көрсетіледі. Бір аптада ауруханаға 200-ден астам емделуші келіп, жоспарлы түрде 40-50, жедел түрде 10-15 ота жасалады, – деді облыстық медициналық орталықтың бас дәрігері Сәбит Пазылов.
Пресс-турда БАҚ өкілдері ота бөлмелеріне кіріп, күрделі отаның жасалуына куә болды. Әр саланың өз жауапкершілігі, өз қиыншылығы болады. Дегенмен ақ халатты абзал жандардың жұмысының қиыншылығын түсіндік. Жауапкершілігін сезіндік.
Мөлдір САБЫРЖАН
Сурет түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

http://aqmeshit-zhastary.kz/daua/syr-meditsinasy-ar-yndy-damyp-keledi-2/

Просмотров: 29 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.