Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:31
Сомалиде тырысқақ індеті өршіп тұр

27.03.2017

 Дүниежүілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, аурудың асқынуына аймақтағы қуаңшылық себеп. Мұнда шамамен 13 мың адам індет жұқтырған. Жыл басынан бері 343 адам дертіне шипа таппай көз жұмды. Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы ЮНИСЕФ қорының хабарлауынша, Сомали азаматтары халықаралық гуманитарлық көмекке мұқтаж. Кедейге сор міңгескендей елді соғыс оты шарпыған тұста жерді қуаңшылық жайлаған. Оның зардабын 3 миллионнан астам тұрғын тартып жатыр. Отанында аш құрсақ қалған 100 мың адам босып кеткен. Ал жергілікті ауруханаларда ине шаншыр жер жоқ.

Стивен Лауерер, UNICEF қорының Сомалидегі өкілі:

- Тырысқақ дертінің таралуына жол бермеу керек. Бірақ бұл жерді аштық жайлаған. Сондықтан халықаралық ұйымдардың көмегіне зәруміз. Осындай қиын қыстауда бір-бірімізге қол ұшын созу арқылы ғана біз адамдардың өмірін сақтап қала аламыз.

Сангабо Мадеу, Сомали тұрғыны:

- Қуаңшылық бізді барымыздан айырды. Қорамызда азын-аулақ мал бар еді. Бәрі қырылды. Балаларымызға тамақ тауып бере алмағандықтан, дала кезіп кеттік. Қайырымдылық қорлары тіккен шатырларды аралап келеміз. Бірақ бұл жерде де барлығы таусылып жатыр.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/169624-somalide-tyrys-a-indeti-rship-t-r

 

Просмотров: 883 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]