Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Желтоқсан » 15 » СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУЛЕР ЕНДІ ЕРТЕ ЖАСТАН ЕНГІЗІЛЕДІ
15:55
СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУЛЕР ЕНДІ ЕРТЕ ЖАСТАН ЕНГІЗІЛЕДІ


Денсаулық сақтау министрлігімен халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесіне өзгертулер енгізілуде.Өзгертулер енгізудің мақсаты – Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарымен халықтың осы топтарына профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізуді жетілдіру. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұйрыққа скринингтік зерттеп-қарауларды оңтайландыру бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуде, мысалы гепатоцеллюларлық обыр, қуықасты безі обыры, өңеш обыры және асқазан обыры қатерлі ісіктерін ерте анықтауға, 17 жас пен одан асқан оқушылардың арасында психобелсенді заттарды тұтыну қаупінің деңгейін ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған скринингтер алынып тасталды.
Скринингтің жас топтарын кеңейту және өту кезеңділігін анықтау жоспарланған. Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабетінің скринингін 40-70 жас аралығында пациенттер өтетін болады. Жатыр мойны обыры скринингін 30-70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет, сүт безі обыры скринингін 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер бұрынғыдай 2 жылда 1 рет өтеді. Одан басқа, балалардың нысаналы топтарының скринингтік тексерулері толтырылды.
Скринингтік зерттеп-қарауларды оңтайландыру қатерлі ісіктерді және инфекциялық емес ауруларды ерте анықтауға, сонымен қатар халыққа сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Еркін ҚАЛДАН

https://osken-onir.kz/alem/442-skriningtk-tekseruler-end-erte-zhastan-engzled.html

Просмотров: 72 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.