Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:46
ШОКОЛАДТЫ НЕЛІКТЕН КҮНДЕЛІКТІ ТҰТЫНУ КЕРЕК?

Дәрігерлердің зерттеуі бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты ағзаңызға күн сәулесі жеткіліксіз болса, күнделікті шоколадты тұтыну керек. Бұл туралы Reactor.inform.kz жазады. Дереккөз: Reactor.inform.kz.
Ғалымдар дәлелі
Какао-бұршақтарының құрамындағы жеңіл қорытылатын көмірсулар, майлар, өзектер мен В тобының дәрумендері,антиоксиданттар және тағы басқа ағзаға қажетті заттардың бәрі шоколад құрамында жиі кездеседі.
Сондай-ақ дәрігерлердің пайымдауынша, шоколад қандағы холестерин деңгейін тұрақтандырып, адамның есте сақтау қабілетін жақсартады.
Неліктен күнделікті пайдалану керек?
Мамандар қыстың соңғы мерзімінде шоколадты күнделікті тұтынуға кеңес береді. Ол шаршағандықты басып, ашушаңдық пен агрессияны төмендетіп адамның психологиялық тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жүрек соғу жұмысына да оң әсерін тигізетінін дәлелдеген.
Шоколад құрамындағы кокохил атты ерекше қоспаның арқасында адам терісінің жасушалары жасарып, қан айналымы жақсара түседі”,- деп жазады ғалымдар.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/shokoladty-nelikten-k-ndelikti-t-tynu-kerek/

Просмотров: 798 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]