Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:41
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ


Облыс әкімі Қ.Көшербаев Жаңақорған және Шиелі аудандарына жұмыс сапары барысында спорт кешенінің ашылуына және Шиелі аудандық емхананың іргетасын қалауға қатысты.

Шиелі кентіндегі 150 орындық орталық аурухананың іргетасы қаланды. Облыс әкімі аудан тұрғындарын жаңа нысан құрылысының басталуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында ұлт денсаулығын жақсарту жайын ұдайы айтып келеді.Осы ретте, мемлекет тарапынан тұрақты қолдаудың нәтижесінде еліміздің денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде даму үстінде. Соңғы екі жылдың ішінде Сыр өңірінде заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған 41 денсаулық сақтау нысаны салынды. Шиелі ауданында біраздан бері шешілмей жатқан жаңа аурухана салу мәселесі болатын. Бүгін, міне, біз оның құрылысын бастадық. Аманшылық болса, аурухана келесі жылы пайдалануға беріледі,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын еңбек ардагері Киікбай Смайылұлы құттықтап, ақ батасын берді.

Аймақ басшысы мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Шиелі ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 200 орындық спорттық сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Жалпы құны 42 млн. теңгені құрайтын спорт кешенінде күрес, бокс, кіші футбол, волейбол сияқты спорт түрлеріне арналған залдар бар. Кешен құрылысын «БЕТА и К» ЖШС жүргізген.

Одан бөлек, аймақ басшысы аудан әкімдерінің халық алдындағы қорытынды есеп беру жиындарына қатысты.

Аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жақсы, дегенмен, осымен шектелуге болмайды. Бірнеше жылдар бұрын Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша соңғы орында еді, ал қазір аймағымыз көптеген көрсеткіштер бойынша алдынғы қатарда. Біз жаңа дәуірде өмір сүрудеміз, сондықтан оның ережелеріне бағынуымыз қажет. Елбасының биылғы Жолдауындағы басты міндет – барлық салаларды цифрландыру, сондықтан нәтижеге қол жеткізу үшін біз заман талабына сай болуымыз керек. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Жолдауды жүзеге асыру барысы әрқайсымыздың жұмысымызға байланысты, - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, Қырымбек Елеуұлы 2018 жыл Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жарияланатынын мәлімдеп, шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

https://syr-media.kz/news/1658-shiel-audanynda-ortaly-auruhanany-rylysy-bastaldy.html

Просмотров: 75 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]