Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қазан » 23 » СЕКСЕН МЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТЕДІ
08:49
СЕКСЕН МЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТЕДІ


Қызылордада қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау мақсатында кеңсе қызметкерлері мен жұмыста аз қозғалатын мамандық иелері скринингтік тексеруден өтеді. 24.kz телеарнасының хабарлауынша арнайы тексеріс аймақта бір ай бойы жүргізілмек.

Бұл үшін өңірдегі емханаларда 65 онкологиялық кабинет ашылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар, соңғы 2 жылда онкопатологияны алғашқы сатысында анықтау көрсеткіші 58 пайызға артқанын және өлім-жітім 10 пайызға кемігенін айтады. Дегенмен жыл сайынғы скринингтік тексеріс барысында, орташа есеппен 1 мың 300 адамнан ісіктің алғашқы сатысының белгілері анықталады екен. Бүгінде аймақта 4 жарым мың тұрғын диспансерлік тіркеуде тұр.

– Ұлттық скринингтік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысында 6 скрининг өткізіліп жатыр. Облыс бойынша 86 мыңдай халық осы 6 скринингпен қамтылып отыр. Онкологиялық науқастар бірінші, екінші сатысында анықталатын болса, оның 90-95 пайызына ем жақсы қонады,– дейді облыстық онкология орталығының директоры Сәкен Серғазиев.

https://syr-media.kz/kogam/114-seksen-my-yzylordaly-skriningtk-tekseruden-ted.html

Просмотров: 15 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.