Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:49
САРЫ ТҮСТІҢ СЫРЫ НЕДЕ?

 

Айналадағы түстердің адамға берер әсері көп. Сондықтан да түстер туралы әркімнің талғамы әр түрлі болып келеді. Мәселен, сары түсадамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарды қолайсыздықтан қорғайды. Сондай-ақ сары түс адамға қуаныш сыйлайды. Негізінен сары түске қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік, шығармашылық өнері бар адамдар жақын келеді. Ал қызы сары түс (оранжевый) депрессия, қорқыныш билеп жүрген адамдардың көңіл-күйін жайландырады. Сонымен бірге кейбіреулердің бойында байқалмай жүрген қабілеттерін арттырады. Қызыл сары түсті киім таңдаған адамдар ақкөңіл, мейірімді, адал болып келеді. Бұл түстің адамдардың арасына жақсы қарым-қатынас орнатуға да тигізер әсері мол.

Дайындаған Ай-Наз

http://osken-onir.kz/sary-t-sti-syry-nede/

Просмотров: 893 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]