Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:22
САНАВИАЦИЯ ИНФАРКТ АЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫ ҮРІМЖІДЕН АСТАНАҒА ЖЕТКІЗДІ

Бірер сағат бұрын Астанаға Үрімжіден бортында ауыр халдегі жерлесіміз бар Республикалық санитарлық авиация орталығының ұшағы келіп жетті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында жазды. Ол Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық санитарлық авиация орталығына шұғыл көмегі үшін алғыс айтты. «21 мамыр күні Қытайға іскерлік сапармен барған топ құрамындағы 1972 жылғы қарағандылық Аманқос есімді Қазақстан азаматы ми инфарктын алып, қала ауруханаларының біріне жеткізілген. Ауруханада азамат ес-түссіз жатқан. Бұл туралы ақпарат Үрімжідегі ҚР Сыртқы істер министрлігінің паспорттық-визалық қызметіне жеткізілді. Қазақстандық консул қызметкерлері отандасымыздың туысқандарымен байланысып, ауруханадан қажетті анықтамалықтар алғызып, Қазақстандағы Қытай елшілігіндегі әріптестеріне қарағандылықтың екі ағасына Үрімжіге жету үшін жедел виза рәсімделуіне ықпал етулерін өтінді», — деп жазды ол. Виза рәсімдеуге бірнеше сағат уақыт кеткен. Бір апта уақыт өтіп, Аманқос есін жиғаннан кейін оны Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылды. Алайда, бірде-бір әуе компаниясы бортта ауыр халдегі жолаушыны алып жүруге келісім бермеді, ал қытайлық дәрігерлер науқасты автокөлікпен тасымалдауға болмайтындығын айтты. «Соңында ҚР Сыртқы істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен кеңесе келе Үрімжіге арнайы санитарлық авиация бортын жіберу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде бүгін таңертең Үрімжі әуежайында ҚР СІМ паспорттық-визалық қызметі Аманқосты ағасы және қазақстандық білікті дәрігерлермен бірге Астанаға шығарып салды. Республикалық санитарлық авиация орталығы ұшағы сағат 12.30-да Астанаға қонды. Қарағандылық азамат ары қарай емін жалғастыру үшін №1 қалалық аурухананың жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр әрі тұрақты деп бағалап отыр», — деп жазды Әнуар Жайнақов.

Дереккөз: inform.kz

http://qarmaqshy-tany.kz/sanaviatsiya-infarkt-al-an-aza-standy-ty-rimzhiden-astana-a-zhetkizdi/

Просмотров: 757 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]