Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қыркүйек » 13 » САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НАСИХАТТАЛДЫ
09:57
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионда салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылған «Денсаулық фестивалі» болды. Аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар денсаулығы, аудандық ішкі саясат, денешынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен фестивальге аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев, сондай-ақ медицина қызметкерлері қатысты.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында қалың елдің салауатты өмір салтын ұстануы мен спортпен шұғылдануына айрықша көңіл бөлініп келеді. Қоғамның басты байлығыадам болса, адамның басты байлығы, олденсаулық. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданымызда кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» өткізілуде, бұл фестиваль халық арасында еңбектенген жастан еңкейген қартқа дейін қуана қатысатын шынайы Денсаулық мерекесі болып саналады, – деді аудан әкімінің орынбасары айтулы шарада.

Сонымен қатар, Совет Бабанаев ауданда жыл сайын бұқаралық спортпен айналысушылардың саны артып келе жатқанын жеткізді. Қазірдің өзінде аудан тұрғындарының 26 пайызы дене шынықтырумен айналысады. Жыл аяғына дейін бұқаралық спортпен айналысатындардың санын 30 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Өңірімізде спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау мен облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуге, аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізуге, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға барлық жағдай жасалған. Мәселен, ауданда екі жаңа спорт кешені жұмыс істейді. Ғимараттарда шахмат, қол добы, батпан көтеру және қол күрес федерациялары ашылып, өз жұмыстарын жүйелі жүргізуде.

Бұдан кейін жиында аудандық аурухананың басшысы Күншығар Әбілұлы сөйледі. Оның айтуынша, қазіргі заманда әлем халқы дене қимыл-қозғалысының жеткіліксіздігінен түрлі ауруларға шалдығуда. Соның салдарынан өлім-жітім де көбейген. Атап айтсақ, дене белсенділігі төмен адамдарда өзінің денсаулығына мән беретіндермен салыстырғанда өлім-жітім қаупі 30 пайызға жоғары екен. Ал жаһандағы жасөспірімдердің 81 пайызы дене қимылына көңіл бөлмейтіні белгілі болып отыр. Осы ретте ауданның бас дәрігері осынау фестиваль көпшілікті жалқау болмауға, керісінше денсаулығын нығайтуға шақыратынын айтты.

Денсаулық фестивалі аясында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Спортсүйер қауым өзара арқан тартысып, дойбы ойнап, қол күресті, гір көтерді. Жүгіруді серік еткісі келгендер де сайысқа түсті. Сонымен бірге, «денсаулық қалашығында» тегін медициналық кеңестер берілді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

http://qazaly.kz/salauatty-mir-salty-nasihattaldy/

Просмотров: 56 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.