Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:09
САҒЫЗ ҚҰРАМЫНДА БАСКЕТБОЛ ДОБЫН ЖАСАЙТЫН РЕЗЕҢКЕ БАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Сағыз шайнауды ұнатасыз ба? Оны балаларыңызға сатып алып бересіз бе? Сол кезде сағыз орамасының сыртындағы құрамы туралы ақпаратты оқып көрдіңіз бе? Егер оқымаған болсаңыз, таныс болыңыз, сіз және сіздің балаңыз қандай сағыз шайнап жүр.

Орбит

Сорбит E420, мальтит E965, резеңке түзуші, қойылтқыш (сырды жабысқақ ету үшін қосылатын қоспа) E414, тұрақтандырғыш E422, Табиғи және жасанды хошиістендіргіш, маннит E421, соя лецитині E322, титан диоксиді E171, аспартам E951, калий ацесульфамы E950, натри гидрокарбонаты E500, қант шәрбәті E903, антиоксидант E321.

Дирол

Изомальт, сорбит Е420, манит Е421, ксилит, мальтит шәрбәті, аспартам E951, калий ацесульфамы Е950, резеңке түзуші, калций карбонаты 4%, табиғи хошиістендіргіштер: жалбыз, ментол, табиғи ванилинді алмастырғыш, жасанды сергіткіш, қойылтқыш E414, тұрақтандырғыш E422, гидрогенді рапс майлары, соя лецитині E322, бояғыш E171, жылтыратқыш E903, антиоксидант E321, текстуратор E341.

Ал енді осы екі сағыздың құрамындағы ең маңызды және адам денсаулығына ең зиянды бірнешеуіне арнайы тоқталайық.
 

Сорбит (sorbitol) Е420бұл жасанды қант. Жағымсыз әсерлері: бас ауруы, іштің кебуі, ішке ас тоқтамау, ішектен қан кету, бас айналу, асқазан мен астманың нашарлауының белгілері, іш ауру, ауыздың құрғауы, зәр шығару жүйесінің бұзылуы, талма. Сорбит сағыз жасаудағы ең негізгі бөлшек.

Резеңке түзуші (Gum base)бұл сағыздың химиялық қоспалардан құралған негізгі құрамы. Мұның құрамына:

Бутилкаучукбұл резеңкенің бір түрі. Одан баскетболдың добын және автокөлік дөңгелегінің ішкі құрамын жасайды.

Поливинилацетат (кәдімгі ПВА желімі)бұл жылытқан кезде резеңкеге айналатын пластик. Одан түрлі бұйымдарды жапсыратын желім жасалады.

Балауызбарлығымыз білетіндей бұл заттан майшам жасалады.

Ағаш шайыры, Тальк (медицинада және техникада қолданылатын ақ минерал ұлпа) — бұл қоспаларды қыздырып, араластырып, сағызға керекті резеңке қоспаны алады.

Маннит (mannitol) – бұл фармацевтикалық заттарды тікелей миға тасымалдауды жеңілдетуші ретінде медицинада қолданылуы мүмкін. Батыс Википедиа мақаласында сағызды көп шайнайтын адамның ми артерияларының басқалардан ерекшеленетіні жазылған. Ал сағыз құрамындағы маннит адамның миына тура барады. Себебі манниттің қызметі сол.
 

https://baq.kz/

Просмотров: 730 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]