Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:32
САҒЫНТАЕВ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖІТІ БАҚЫЛАУҒА АЛУДЫ ТАПСЫРДЫ


Премьер-министр "Денсаулық" бағдарламасының оң нәтижелерін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет сағаты барысында 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін ерекше назарда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Баяндамалардан көріп отырғанымыздай, көрсеткіштерге қол жеткізіліпті. Мемлекет басшысы өз жолдауында бірқатар таспырмалар берді – ол халықтың денсаулығын жақсарту, яғни бұл денсаулық сақтауды жаңғырту, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, соған сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі де баса назарда болуы тиіс. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент электрондық денсаулық сақтау туралы айтқан еді. Біз бұл жұмысты атқаруымыз керек", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бір жылға қажет кепілдендірілген ақысыз медициналық көмекті қамтамасыз ететін дәрі-дәрмектің 95%-ы сатып алынып, біріңғай дистрибьютор қоймасына әкелініп, аймақтарға жөнелтіліп жатқанын айтты. Бағаның өсуі мен тіркеу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты, қалған дәрі-дәрмек наурыз айының соңына дейін сатып алынады.

"Үш айға қажет дәрі-дәрмек, яғни 75,9%-ы жөнелтілді. Бірқатар аймақтар дәрі-дәрмектерді амбулаторлық-емханалық жүйе арқылы үлестіре бастады. Осыған байланысты әкімдерді емханаларға дәрі-дәрмек жеткізуді қадағалауды сұраймыз", - деді министр.

https://syr-media.kz/bilik/2458-sayntaev-dr-drmekpen-amtamasyz-etud-zht-baylaua-aludy-tapsyrdy.html

Просмотров: 79 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]