Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:23
САҚ БОЛСАҢ, САУ БОЛАСЫҢ

Жыныстық жолмен жұқтырылған инфекциялар (ЖЖЖИ) – венерологиялық аурулар қатарына жатады жəне жыныстық қатынас арқылы беріледі. Белгілі мерез, соз ауруларынан басқа жыныстық қатынас арқылы берілетін 20-дан астам инфекциялар аурулар бар трихомониаз, уреплазмоз, хламидиоз, микоплазмоз, кандидиоз, герпес, ұшты кондиломалар, В, С, гепатиті, цитомегаловирустық инфекция, бөртпе жəне т.б.

ЖЖЖИ белгілері:

1. Ерлердің зəр шығару жолдарынан бөлінділердің болуы

2. Əйелдердің қынабынан жағымсыз бөлінділердің болуы

3. Зəр шығару жолдарының қышынуы, өзін жайсыз сезінуі

4. Іштің төменгі жағының ауруы

5. Жыныстық қатынас кезінде ауырсынуды сезіну

6. Жыныс мүшелерінде эрозияның пайда болуы, тоқ ішектің шығу жолдары айналасының жəне ауыз қуыстарының бөртуі, жара шығуы

7. Тоқ ішектің шығу жолдарының, жыныс органдарының ұлғаюы

8. Жыныс мүшелерінде жəне алақанның бөртуі

9. Жыныстық лимфа түйіндерінің ұлғаю.

Аурудың асқынуы өте қауіпті. Кіші жамбас мүшелерінің асқынуы ерлер сияқты əйелдерді де бедеулікке əкеліп соқтырады. Жүктілік пен туу мүмкіндіктері бұзылады. Мүшелер мен жүйелердің гормондық жəне функционалдық қызметтері бұзылады.

ЖЖЖИ алдын алу мен қорғану шаралары:

1. ЖЖЖИ қорғанудың ең сенімді жолы – бір ғана серіктеспен жыныстық қатынаста болу, тым ерте жəне некесіз жыныстық қатынасқа түспеуі керек.

2. Кездейсоқ жыныстық қатынасқа түспеуі керек.

3. Жыныстық қатынас кезінде жеке басыңыздың қорғанысы үшін – мүшеқап пайдаланыңыз.

4. Дəрігер – венерологтың рұқсатынсыз антибиотиктерді жəне микробқа қарсы дəрі-дəрмектерді қолданбаңыз.

5. Күдіктенген немесе күмəнданған жағдайда тексерілу үшін дəрігерге жүгініңіз.

6. Өзіңізді жəне серіктесіңізді қажетті жағдайларда қорғау үшін білімділік жəне шеберлік дағдыларын пайдаланыңыз. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

 

Ш.СМАЙЛОВ,

амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі орталық ауруханасының дəрігері

 Сурет Medickon.com сайтынан алынды.

«Өскен өңір» газеті. 10 маусым 2017 жыл.

Просмотров: 1437 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]