Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қазан » 18 » РОБОТ-ХИРУРГ 150 ОТАНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ
06:34
РОБОТ-ХИРУРГ 150 ОТАНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасы Senhance робот-хирургына күрделі ота жасауға рұқсат берді. Робот ішкі органдардың жарақаттарына ота жасауға қауқарлы және ол ең тиімді әрі тез лапароскопиялық хирургияны жасай алады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Дегенмен, роботтың жұмысын тәжірибелі хирург бақылауы қажет. Датчиктер операторға микроскопиялық қуысты кесігіндегі барлық барлық жағдайды түсінуге және ішкі органдар жағдайының үш өлшемді бейнесін көрсетуге мүмкіндік береді.

Senhance роботымен ота жасалған 150 науқастың ішінде ішек операциясына мұқтаж 45 адам болған. Роботтың микроскопиялық кесіктері операция уақытын шамамен 30% -ға қысқартуға ғана емес, сонымен бірге науқастар денесінде тыртық қалмауына мүмкіндік берді.

Зерттеушілердің пікірінше, кіші инвазивтік хирургия үшін роботтарды қолдану медициналық қызмет сапасының айтарлықтай өсуіне ықпал етеді.

www.inform.kz

http://qazaly.kz/robot-hirurg-150-otany-s-tti-zhasady/

Просмотров: 45 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.