Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:33
РИПСЫ ЖЕУ – ЖҮРЕККЕ ЖАҚСЫ

«Бидай – қырда, күріш – Сырда» деген қазақ. Енді Қызылорданың ақ маржаны халықты рекордтық көрсеткіштерімен ғана қуантпайтын болды. Себебі, күрішті елден ырысты өнім шығарылуда.

«МеаПрим» ЖШС өнімдерінің сауда белгісі «Бай-Кот» деп аталады. Қытырлақ өнімдердің (чипс) негізгі шикізаты күріш болғандықтан, ол ел арасында «рипсы» деген атаумен танылып жүр. Негізгі компанияның мағынасы да көңіл қоярлықтай. Ол күріш астығына негізделген тех­но­ло­­гияны игеруде бәрінен биік тұру­ды көздейді. Mea – мен, біз, Prim – бірінші. Яғни, біз – бәрінен біріншіміз деген ұранды ұстаным еткен.

Кәсіпкер Владимир Павлов Қармақшы аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы құжаттар әзірлеп, жоба дайындаған. Еуразия кеңіс­тігінде алғаш рет тіркелген өнім жобасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 8 млн теңге қаржылай қолдауға ие болды. Нәтижесінде, Қармақшы ауданы Ақай ауылында күріш жарнасынан тұзды таяқшалар дайындайтын цех ашылды. Идея авторы инженер- электрик Влади­мир Александро­вич­пен жаңа өнім жайында әңгіме өрбіттік.

− Рипсы дайындау идеясы қалай туындады? Кәсіпорын қай жылы құрылды?

− Біздің өңіріміз күрішке бай. Алайда оны өңдеп, жаңа өнім шығаратын кәсіпорын жоқтың қасы. Тіпті тұтастай Қазақстан аума­ған алғанда мұндай өнім тіркел­меген. Біз осы олқылықты ескере отырып, «Бай-кот» өнімін ойлап таптық.

«МеаПрим» ЖШС 2015 жылғы 17 тамызда мемлекеттік тіркеуден өтті. 2017 жылдың шілдесінде кәсіпорын экструдталған астық өнімдерін өндіре бастады. Тамыз айында шикізат (ұнтақталған күріш және балық өнімдері) және тағамдық қоспаларды (тұз, қант, дәмдеуіштер, өсімдік майы және тағы басқа) дайындадық. Қыркүйек айы­нан бастап кәсіпорын облыс­та­ғы тағам өнімдерінің нарығын толық меңгерді. Қазіргі уақытта «MеаПрим» ЖШС «Скиф трейд» ЖШС-мен (Қызылордадағы SMALL дү­кендері) келісімшартқа отырды.

− Өнім құрамы, негізгі шикізаты қандай? Өнім өндіру қандай кезең­дерден тұрады?

− Өнімнің негізгі шикізаты – күріш. Тұздалған таяқшалар Арал теңізі балықтарының кептіріл­ген ұнтағы арқылы әзірленеді. Сон­дай-ақ өнім құрамында табиғи және шығыс дәмдеуіштері, мақта майы бар. Рипсының тәтті түрле­рін­де құрғақ жеміс-жидек ұнтағы қол­данылады. Шикізаттың 95 пайы­зын Қызылорда облысында бар.

Өндірістік желінің негізгі жабдығы – экструдер болып табылады (оның ішінде таяқшалар дайын­далады). Күріш дәнін өңдеудің барлық сатысы экструзио­логиялық технологиямен жасалады. Бұл технологияның ерекшелігі – күрішті жоғары қысымда дайындай алады. Компаниямыз Қазақстанда алғаш рет бұл технологияны күріш астығын өңдеу үшін пайдаланып отыр.

− Рипсы адам ағзасына қанша­лық­ты пайдалы?

− Күріш – әлемде қарсы көр­се­ті­лімі жоқ негізгі өнім әрі бала­лар тағамында да жиі қолданылады .

Рипсы басқа дәнді дақылдар мен көкөністі тағамдарда жоқ тоғыз ерекше қасиетке ие. Біріншіден, күріш – қуаттылығы төмен, жеңіл, сіңімді өнім. Сондықтан ол артық салмақтан арылғысы келетін адамдар үшін пайдалы. Күріштің құрамында глютен жоқ. Глютен деп отырғанымыз – адам ағзасында ауыр аллергия тудыратын ақуыз. Рипсы – аллергиялық реакцияларға бейім балалар мен ересектер үшін қауіпсіз тағам. Күріштің тағы бір қасиеті ол денеге сіңген барлық зиянды заттарды жұтып, ағзадан артық тұзды, улы заттарды арылтып, табиғи сіңіргіш қызметін атқарады. Рипсы құра­мын­да Е дәрумені (жастық пен сұлулық витамині) және мақта майы бар. Біздің миымыздың 70 пайызы майдан тұрады. Омега-3 және моно­синтезделген май қышқыл­дары өнім құрамында бар. Өнім майда қуырылмайды. Сондықтан оның құрамында пальма майы, жасанды тағамдық қоспалар және бояғыштар жоқ. Күріш құрамындағы кремний тісті белсенді түрде тазартады әрі қатайтады. Тағы бір ерекшелігі, рипсы құрамындағы калий жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартады.

− Өнім неліктен «Бай-кот» деп аталады?

− Өнімнің ұраны – «Байлардың дәмді асы қолжетімді бағада» деп аталады. Таңба ретінде, компания ұлттық киім киген мысықты таң­дады. Сонымен қатар бұл сөз «бойкот» сөзіне ұқсас. Онда фраза­лан­баған үндінің «o» әрпі «а» деп дыбысталады, нәтижесінде, бұл сөз «баикот» деп айтылады. Осылайша, «МеаПрим» ЖШС импорттық өнім­­дерге бойкот жариялауды көздей­ді.

Өнім 1001-161 БК кәсіпорнының стандарты бойынша дайындалған, сапа сертификаты бар.

− Қазіргі таңда кәсіпорында қандай қиындықтар кездеседі?

− Бүгінде кәсіпорын «Тұздалған балықтар қаптамасы» (ысталған лососьтің дәмі бар), «Хош иісті балықтар мен рыцарлар» (лосось мен васабий дәмі бар), «Мексика­дағы рипс» (мексика тұздығының дәмі мен хош иісі бар), «Хош иісті қауын» (қауынның дәмі мен хош иісі бар), «Қылқалам», «Аязды шие» (шие мен жалбыздың дәмі мен хош иісі бар), «Тропиктік рипс» (лайм, банан және манго дәмі мен хош иісі бар) деп аталатын өнім түрлерін шыға­рады. Кәсіпорында айтарлық­тай қиындықтар жоқ. Болашақ ше­тел­де шығарылатын өнімдерді өзі­міз­де өндіру үшін технологиялық желі­лердің жаңа түрлерін сатып алу қа­жет­тілігі бар. Мысалы, күріш майы, күріш соусы сынды тағамдық зат­тар.

− Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Гүлдана ЖҰМАДИН

aikyn.kz

Просмотров: 63 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]