Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:49
РАХМЕТ АЙТАМЫЗ

Отбасымыздың тірегі, асқар таудай әкеміз Құлпейіс Темур бір жылдан бері науқастанып, дәрігерлер оң жақ аяғының артерияларының облитерациялық артеросклерозы деген диагнозын қойды. Аяғынан жүріп тұруы қиындап, жағдайы нашарлап кеткен соң ауруханаға жатқызылған отағасын дәрігерлер бақылауға алды. Диагнозына байланысты үнемі тексеріп қадағалап отырған емхананың хирург дәрігері Азамат Боқан мен хирургия бөлімшесінің дәрігері Нұрсұлтан Сәдуов жағдайына байланысты шұғыл шешім қабылдап, облыс орталығынан білікті маманды алдырып, күрделі ота жасалды. Сәтті шыққан отадан кейін әкеміз әрі қарай ем-домын алып, енді міне отбасымызға аман-есен оралды. Адам жанының арашашысы атанған ақ халатты абзал жандарды төл мерекелері қарсаңында мерекелерімен құттықтап, абырой биігінен көріне берулеріне тілектестігімізді білдіреміз. Жас та болса білікті маман атанған қос дәрігердің жанашырлығына, мейірім-шапағатына риясыз алғысымызды айтамыз.

Құлпейісовтер отбасы

http://tirshilik-tynysy.kz/rahmet-ajtamyz/

Просмотров: 934 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]