Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:48
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БЕС НЕГІЗГІ БАСТАМАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бұл туралы бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның 2016 жылдың қорытындысы бойынша және 2017 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Елбасының биылғы халыққа Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау саласының алдына қойған міндеттерін орындау мақсатында бес негізгі бастаманы анықтады.
Бірінші бастама – денсаулық сақтау жүйесін пациенттердің мүддесіне қарай интеграциялау. Бұл алғашқы/профилактикалық түйін деңгейінен бастап барлық кезеңдерді қамтитын медициналық көмек көрсетудің біріктірілген жүйесін енгізуді қарастырады. Медицинаны дамыту, дені сау және ұзақ өмір сүру жөніндегі ұлттық бағдарлама қабылдау жоспарланып отыр.Сонымен қатар, саланы цифрлау және ақпараттандыру жөніндегі шаралар өз жалғасын тауып, емханаларға тіркеу ережелері оңтайландырылады, IT мониторинг негізінде АББ-ны жүргізілетін болады.
Екінші бастама – ЭЫДҰ ұсыныстарына сай стандарттарды сәйкестендіру. Бұл шаралар аясында жеке медицинаны дамытудағы кедергілерді жою, мемлекеттік функцияларды тәуелсіз кәсіби ортаға беру, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдардың бағасын реттеу жоспарланған.
Қазіргі жағдайда мемлекеттік ресурстарды тиімді қолдану мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, үшінші бастаманы көтердік. Бұл бағытта денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымдық және кадрлық саясатты қайта қарау қарастырылған. Жеке және шетелдік инвестициялар тарту, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға, ғылым мен медициналық білімді жетілдіруге мән берілмек.
Денсаулық сақтау саласының жетістігін қамтамасыз ету үшін оның қаржылық тұрақтығын қамтамасыз ету керек. Сондықтан төртінші бастама ретінде нәтижеге негізделген қаржыландырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Сонымен қатар: стационарлық көмекті пайдалану деңгейін төмендету; озық медициналық трансферттерді енгізуді ынталандыру; алғашқы медициналық-санитарлық көмек бюджетін қажеттіліктерге қарай бөлу; негізгі қорларды, капиталдық шығындарды, медициналық және ақпараттық технологияларға қызмет көрсетуге кететін шығындарды, қаржылық қызметтердің шығындарын есепке ала отырып, тарифтер мен шығындарды қайта қарау жоспарланған.
Бесінші бастама – пациентке есеп беретін және транспаренттілікті қарастыратын жүйені басқару. Осыған байланысты медициналық мекемелерге шаруашылық жүргізу құқын бере отырып, корпоративті басқару жүйесін енгізу, мақсаты – қызмет көрсету сапасы мен тиімділігі пациенттің мүддесіне бағытталған медициналық қызмет көрсетушілер үшін КPI әзірлеу жоспарланған.
Аталған бастамаларды көтерудегі негізгі мақсат – медициналық қызметтің халыққа қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады.
www.primeminister.kz

http://kyzylorda-news.kz/zhanalik/lifnews/13848-r-densauly-satau-salasyn-zhayrtudy-bes-negzg-bastamasy-anytaldy.html

Просмотров: 1074 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]