Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 15 » ПАРТИЯЛЫҚ БИЛЕТТЕР ТАБЫСТАЛДЫ
12:32
ПАРТИЯЛЫҚ БИЛЕТТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Денсаулық» бастауыш партия ұйымында жаңадан партия мүшелігіне қабылданған медицина саласының қызметкерлеріне партия билеттерін тапсыру рәсімі болып өтті.
Шараны партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінің міндетін атқарушы А.Кенжебаев ашып партияның міндеттері мен атқарып отырған жұмыстарына мағлұмат беріп, «Жыл сайын біздің қатарымызға қосылғысы келетіндердің санының арта түсуі бізді қатты қуантады. Мұндай ниеттердің «Нұр Отан» партиясының өзінің Лидері Нұрсұлтан Назарбаевпен шешіп жатқан үлкен тарихи мәселелерге қатысы болғысы келген мақсаттан туындап жатқанына сенімдімін. Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін саяси ұйымының Жалағаш аудандық партия филиалында топтастырылған 25 бастауыш партия ұйымында 3059 партия мүшесі, оның ішінде «Денсаулық» бастауыш партия ұйымында 391 партия мүшесі барын айтып өтті.
Сонымен қатар Партиялық билеттерді табыс ету салтанатында аудандық емхана меңгерушісі, «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының Бюро мүшесі Нарикбаев Мұрат Қантөреұлы сөз алып, жаңадан қабылданған партия мүшелеріне партиялық билеттерді табыстап,алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жаңадан қабылданған партия мүшелері Елбасы партиясының өкілі болудың зор құрмет қана емес, сондай-ақ зор жауапкершілік екенін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

http://zhalagash-zharshysy.kz/partiyaly-biletter-tabystaldy/

Просмотров: 27 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.