Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қазан » 31 » ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ТАНЫСТЫ
12:28
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ТАНЫСТЫ


Облыстық онкологиялық қызметкерлері ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған латын әліпбиінің жаңа нұсқасымен танысты. Шарада облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мұсаева латын графикасы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін табиғи қалыпқа түсіретінін айтты.

Бұрынғы қырық екі әріптің саны қысқарып, жаңадан мақұлданған 32 әріп-дыбыстық әліпбидің ерекшелігі, болашақта жазу сыйымдылығын арттыруға негіз болары анық.

Сондай-ақ. жаңа әліпби тіліміздің ұлттық сипатын арттырып, санамызды сілкінтіп, жадымызды жаңғыртып, рухани бодандықтан құтқарудың жолы, – деді ол.

Кездесуде орталық қызметкерлері Елбасы Жарлығымен қабылданған жаңа әліпбиді жүзеге асыру жұмыстарына атсалысатындықтарын жеткізді.

https://syr-media.kz/news/310-onkologiyaly-ortaly-yzmetkerler-latyn-lpbimen-tanysty.html

Просмотров: 43 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.