Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қыркүйек » 29 » МИНИСТРЛІК ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАҒА ҚАНША АҚША ЖҰМСАЛҒАНЫН АЙТТЫ
14:28
МИНИСТРЛІК ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАҒА ҚАНША АҚША ЖҰМСАЛҒАНЫН АЙТТЫ

ҚЫРКҮЙЕК 29, 2017

1 қазанда елімізде тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2017-2018 жылдың эпидмаусымы үшін бюджет қаражатына РФ өндірісінен шыққан «Гриппол плюс» вакцинасының 1,5 млн дозасы сатып алынды. Бұл мақсатқа 1 млрд 200 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.

«Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан, иммун тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балаларға, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдерге мемлекеттік бюджет есебінен екпе егіледі», – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметінен.

Қазақстанда екпе күнтізбесі ДДСҰ ұсынысына сәйкес және көптеген дамыған елдің кестесімен бірдей. Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ тарапынан сертификатталған өндірістің вакциналарын сатып алады.
 

Baq.kz

https://aikyn.kz/2017/09/29/28230.html

Просмотров: 37 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.