Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2018 » Наурыз » 20 » Министр: Тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің 20 пайызы сатылады
10:46
Министр: Тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің 20 пайызы сатылады

Тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің 20 пайызы сатылатындығы анықталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының өткен жылдағы қорытындысын шығарған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықты дәр-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайын талқылау кезінде бірқатар жүйелі проблемаларды анықтадық. Қаңтар-ақпан айларында министрлікке дәрілік қамтамасыз ету бойынша 600-ден астам өтініш келіп түсті 2017 жылдың соңында тегін дәрілер алған кейбір пациенттерге іріктеліп қоңырау шалынған болатын. Жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде олардың шамамен 20 пайызы дәрі-дәрмекті алмағаны анықталды. Ал ақпараттық жүйеде бұл пациенттер препаратты алған деп тіркелген. Осының негізінде министрлік қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елдің барлық өңірлерінде медициналық ұйымдарда жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Нәтижелері бойынша проблемаларды жою, ал кейбір жағдайларда тәртіптік жаза қолдану бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады», - деді министр. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үстіміздегі жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі әзірленетін болады. Осыған орай, министрлік ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін әкімдіктермен бірлесіп, бөлініп отырған қаражатқа сәйкес 2019 жылға дәрілік заттардың нақты көлемі мен тізбесін қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық дәрілік заттарға арналған бағаларды реттейтін заң жобасы әзірленіп, Парламентке енгізілді. 2017 жылы отандық тауар өндірушілермен 25 жаңа ұзақмерзімді шарт жасалды. Бұл отандық тауар өндірушілердің дәрілік заттарды сатып алу үлесін 48 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Отандық тауар өндірушілер көлемінің өсуі 33 пайызды құрады. Нормативтік-құқықтық базасын кеңейту және сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету 18,2 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Олар дәрілік заттарды қосымша сатып алуға жіберіледі», - деді Елжан Біртанов. Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі күні тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жылдық қажеттілігінің 95 пайызы сатып алынды. «Дәрі-дәрмектер бірыңғай диструбитордың қоймасында, сондай-ақ бұл дәрілер өңірлерге жеткізілуде. Соңғы қалған 5 пайыз осы айдың соңына дейін сатып алынады. Бірқатар өңір дәрілік заттарды амбулаториялықемханалық жүйелер арқылы босата бастады. Соған байланысты әкімдердің дәрілік заттардың емханаларға жеткізілу және тарату процесін бақылауға алуын сұраймыз», - деді ол.

http://syrboyi.kz/zedelnews/18902-ministr-tegn-berlu-tis-dr-drmekt-20-payyzy-satylady.html

Просмотров: 31 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.