Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:27
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Республикасында әлеуметтік тәуекелдердің туындауына байланысты жоғалтқан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтік аударымдарды төлеуде. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатын әлеуметтік қорғау жүйесінің қосымша деңгейі болып табылады.

Әлеуметтік аударымдар «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ шоғырландырылып, Қор активтерінен әлеуметтік қатер туындағанда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларына әлеуметтік төлемдер тағайындалып, төленуде. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 16% арттырылды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №122-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405 (әрі қарайЗаң) Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастапәлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 проценті аударылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олар өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 процентін, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 3,5 процентін құрайды.

Осыған сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері 990 теңге. (ЕТЖ * 3,5% = 28284 теңге * 3,5% = 989,94 = 990 теңге) және ең жоғары мөлшері 9900 теңге. (10 ЕТЖ * 3,5% = 282840 * 3,5% = 9899,4 = 9900 теңге) болды (ЕТЖ – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшері).

Әлеуметтiк аударымдардың уақытылы аударылмаған сомаларын төлеушi оларды мерзiмi өткен әрбір күн үшiн (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі көлемiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиiс.

Заңның 8-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және ел аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.

Бұл ретте, жұмыс істейтін зейнет жасына жеткен, ер кісілер – 63 жас және әйел кісілер – 58 жыл 6 ай жастағыларға әлеуметтік аударымдар аудару тоқтатылады.

Әр азамат өзі үшін ақпаратты мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы тегін алуына болады. Сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» АҚ gfss.kz сайтынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпаратты білуге болады.

Гүлсім ДЕНЕЕВА,

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ

Қызылорда облыстық филиалының директоры

Cурет Жетісу» газеті сайтынан алынды

http://syrboyi.kz/akparat/17999-mndett-leumettk-satandyru-zhyesndeg-zgerster.html

Просмотров: 235 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]